1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? А.әріптер қатары



бет2/12
Дата17.10.2023
өлшемі128,88 Kb.
#117423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
docx1549709472

Мазмұндамалар жинағы
5-6 сыныптарға арналған

Кіріспе сөз
Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

  • Тақырыптың ашылуы;

  • Тақырып бойынша ой жүйесі;

  • Емлелік қателер;

  • Тыныс белгілердің дұрыс қойылуы;

  • Мазмұндаманың өзіндік ерекшелігі.

Мазмұндама
Мазмұндама – тіл дамытудың өте маңызды әдісі. Әдетте мазмұндама оқыған мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да, жазбаша мазмұндамаға ауысады. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады. Мәтін бойынша мазмұндама жазу үшін мәтінді оқығанда, ынтамен тыңдайды, есте сақтауға,түсінуге тырысады. Оқушының өзінің іс- әрекетін мәтінді түсініп, есте сақтауға бағыттайды. Бұл оқушының зейінін, ойын, дамытады, оқушының іс әрекетке ұйымдастырады.
1. Мазмұндама негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуда ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде блдіруге үйретеді.
Мазмұндама жазу алдында мұғалім ол туралы әңгіме өткізеді. Мұғалім оқушының ойын, назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды. Бұл кіріспе әңгіменің мазмұндаманың сапасына әсері болады.
2. Мұғалім мәтінді асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқиды. Оқушыларға түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Кейбір қиын жаңа сөздерді тақтаға жазып қоюға да болады. Жалпы мазмұндама жазатын мәтінді түсініксіз сөздердің болмағаны, немесе бірлі - жарым ғана болғаны дұрыс.
3. Мұғалім оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсінгенін – түсінбегенін анықтау қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе, түсіндіру керек.
4. Оқушыларға мазмұндаманың жоспарын жасату керек.
5. Мұғалім мәтінді екінші рет өзі оқиды, не өте жақсы оқитын оқушыға оқытады. Бұдан соң жеңіл мәтін болса – бір оқушыға, қиын мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді. Оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуда қате жіберсе, оны түзеткен соң, оқушылар мазмұндама жазуға кіріседі.
Мәтіннің бір мәселе бойынша, мазмұндама жазғызуда мұғалім оқушының назарын мәтіндегі мәселеге аударуды көздейді. Мұнда, мәтіндегі мәселені жақсы түсініп, ал ол туралы толық баяндау көзделеді. Мұғалім мәтіндегі бір мәселенің мазмұнын жүйелі баяндауды талап етеді.
Қателіктердің шартты белгілері
Шартты
/ - емлелік қате
V – пунктуациялық қате
Z – абзац
Ѵ - қалып қойған сөз


Бағалау нормалары
Баға ----------- Қателер саны
5 --------------- 1/0 1/о 0/1
4 --------------- 3/3 2/4 1/ 5
3 --------------- 6/5 5/6 3/8
2 --------------- 9/5 8/9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет