Сен оны құрметте Сөздік:балдақ,мүгедек.
Мазмұндау жоспары: 1.Айдар мен әкесі
2.Балдақты адам
3.Айдардың күлкісі
4.Әкесінің әңгімесі
5.Айдар әкесінен кешірім сұрады
Айдар әкесімен бірге есік алдында тұрған.Балдаққа сүйенген,бір адам өтіп бара жатып,кенеттен сүрініп жығылды.Оны көрген Айдар сықылықтап күліп жіберді.Айдардың әкесі күлген жоқ.Жығылған кісіге жүгіріп барды.Оны қолтығынан көтеріп тұрғызды.Анадай жерге ұшып кеткен балдағын әкеліп берді. Балдақты кісі Айдардың әкесіне алғыс айтып,өз жолымен жүріп кетті.Әкесі қайта келіп орындыққа отырды.Ол Айдарға қарады да:
-Балам,жаңа неге күлдің?-деп сұрады.
-Жаңағы кісінің кішкентай балаша жығылғанына күлдім,-деді Айдар.Әкесі Айдарға:
-Оның не күлкісі бар?Ол Ұлы Отан соғысының мүгедегі,мұндай адамдарды,біздің барлық адамдар құрметтейді.Оларға жәрдем береді.Ал сен мүгедек адамға күлесің.Мұндай әдепсіздігіңді бұдан былай маған көрсетпе!Мүгедек адамдарды құрметте.Қолыңнан келген жақсылығыңды істе!-деді.
-Әке,кешіріңіз!Мен білместік істедім.Бұдан былай ондай мінезден аулақ боламын!-деп кешірім сұрады.
(Ә.Сәрсенбаев) (131сөз)
Керемет көктем Сөздік:таяды,тағатсыздана.
Мазмұндау жоспары: 1.Көкшіл жапырақ
2.Дәуреннің қуанышы
3.Әжесі табиғат құбылысын түсіндірді
4.Көктем хабаршылары
Қар кетті.Ауыл көшелерінде жер дегдіді.
Қылтиып көк те көріне бастады.Шөптің кішкентай көкшіл жапырағын көргенде,Дәурен қуанып кетті.
-Көктем келді!-деп,айқайлап үйге жүгіріп кірді.
-Жер көктепті.Жер көктегенде көктем келмей ме?
-Жоқ,бұл көктемнің хабаршысы,-деді әжесі табиғат құбылысын түсіндіріп.
-Әже,құстар келгенде де көктем хабаршысы, деп едің ғой.
-Иә,құстар да көктем хабаршысы.Олар ерте келіп,көктемнің жете алмай,әлі жолда жүргенін хабарлайды.
-Қалай хабарлайды,әже?-
-Құстар аспанда қалықтап ұшып,қанатын кең сермейді.
Бұл-олардың күн жылынды,көктем таяды дегені.
-Ал шөптер ше?
-Көк шықса,көктемнің жақындап қалғаны.
-Сонда,керемет көктем қашан келеді?-деп,Дәурен тағатсыздана сұрақтарын көбейте берді.
-Ол күнді өзім айтамын,-деді әжесі.
(Б.Мұстафин) (107сөз)