Сөздік:әлсіз,дәрмені,кісідей,етпетінен,білінбеген,қиыншылық
Мазмұндау жоспары: 1.Екі дос
2.Жаман жолдас
3.Аюдың иіскеуі
4.Жақсы дос
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті.Олардың біреуі әлсіз,ауру екен.Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап,жүгіріп барып,бір ағаштың басына шығып кетеді.Ауру,әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды.Ол жерге етпетінен түсіп,өлген кісідей, дем алмастан жата қалады.Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен.Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп,дыбысы білінбеген соң,жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
-Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?-депті.
-Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,-деп досы жауап беріпті.
( 98 сөз)
Торғай Сөздік:аңнан,тежеп,ілгері,иісін,ептеп,ұшырып,бүркемек,дірілдеп,безектеп,жөніме
Мазмұндау жоспары: 1.Торғайдың балапаны
2.Балапанды анасының арашалауы
3.Баланың ана торғайға таң қалуы
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін.Итім жүгіріп бара жатқан.
Ол кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым.Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім .
Ол ұясынан құлап түсіпті.Ит балапанға ептеп жақындай бергенде,кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды.
Ол жан ұшырып,өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды.Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп,даусы шыр-шыр етеді.Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым.Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.Мен жөніме кеттім.
(И.Тургенев.) (102 сөз)
Қазақ тілінен тестік тапсырмалар. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-6 сыныптарына арналған.
Алғы сөз. Бұл тест оқу орыс тілінде жүретін жалпы орта білім беретін мектептердің 5-6 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылды. Бастапқы мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту,кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру. Іріктеп алынған тестке байланысты берілген тапсырма бойынша оқушы өз білімін өздігінен анықтай алады.