1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? А.әріптер қатары


Сөздік:көңілге қонбау,қызыл кеңірдек болу Мазмұндау жоспары



бет6/12
Дата17.10.2023
өлшемі128,88 Kb.
#117423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Сөздік:көңілге қонбау,қызыл кеңірдек болу
Мазмұндау жоспары:
1.Өрістегі кездесу
2.Ойынды талқылау
3.Лақтың ойыны
4.Қошақанға ұнайтын ойын
5.Құлынның пікірі
6.Ойналмаған ойын
Жаз кезі еді.Өрісте лақ,құлын,қозы кездесе кетті.Іші пысқан,олар бірігіп ойнамақ болды.Әуелі қандай ойын қызық екенін айтып,талқыға сала бастады.
Сөзді ақ лақ бастады:
-Ойынның қызығы-тауға шығу,тастан тасқа секіру.Әрі қан тарайды,әрі етті боласың.
Қошақан ақ лақтың сөзін жарытпай,өз ойын атты:
-Секіріп,атылып ойнау-ойын емес.Дүниедегі ойынның ең қызығы-қошқарлар сияқты сарт-сұрт сүзісу.Соның арқасында күшің толады.Әрі бұлшық етің қатаяды.
-Сендердің ойындарың көңілге қонбайды.Ойнаған соң шапқылап,жарысайық.Тұра қалып тебісейік,-деді құлын екеуінің ойындарын жақтырмай.
Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті.Ақыры еш нәрсеге келісе алмай,әрқайсысы өз жөніне кетті.
(М.Төрежанов)(102сөз)



Тиін мен Қасқыр
Сөздік:зұлымсың
Мазмұндау жоспары:
1.Қасқырдың үстіне тиінның құлап түсуі
2.Тиіннің қасқырға жалынуы
3.Қасқырдың тиіннен сұрақ сұрауы
4.Тиіннің жауабы
Тиін бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп,ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі.Қасқыр ұшып тұрып оны жемекші болады.
-Қоя бер мені,-деп тиін жалына бастайды.
-Жақсы,қоя берейін,бірақ,осы тиін неге сонша көңілді боласыңдар,соның себебін айтшы маған.Мен үнемі жабығып жүремін,ал сендер төбемізде,асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.
-Ең әуелі,мені ағаштың басына жібер,сол жерде тұрып айтайын,әйтпесе сенен қорқамын,-деп жауап береді тиін оған.
Қасқыр тиінді қоя береді.Ол ағаштың басына шығып алып:
-Сен өзің зұлымсың,содан ылғи жабығасың да жүресің...
АЛ біз болсақ,қайырымдымыз.Ешкімге жамандық жасамаймыз,сондықтан үнемі көңілді боламыз,-дейді.

Нан қасиетті тағам


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет