1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? А.әріптер қатары


Маңдай тер. Сөздік:жақ ашпау



бет3/12
Дата17.10.2023
өлшемі128,88 Kb.
#117423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Маңдай тер.
Сөздік:жақ ашпау
Мазмұндау жоспары:
1.Атамен әңгіме
2.Атасы демалыста
3.Сұрақ
4.Тоғайда
5.Көшет
6.Көшет-жеміс ағашы
7.Қызыл алма
8.Маңдай тер деген не?
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады.Балабек қария көп жыл бойы сушы болған.Қазір құрметті демалыста.Сонда да отырғанын көрмейсің.Хамитті ертіп,үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені.Ешқашан шаршамайды.
-Ата, «маңдай тер» деген не?-деп сұрады бірде Хамит.
Атасы ойға шомды.Көзін бір нүктеге қадады.Әжімдері тереңдеді.Сонан соң Хамитті жетектеп,өзі көшеталып жүрген тоғайға келді.
Қолына күрек ұстатты:
-Қане,екі-үш көшет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып,ағаш көлеңкесіне жайғасты.
Хамит пора-порасы шығып терледі.Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.
....Жылдар өтіп жатты.Көшеттер үлкен ағашқа айналды.Алма мен жүзім мол жеміс салды.Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп,бақ ішіне келді.Қып-қызыл алманың біреуін үзіп,қолына ұстатты.
-«Маңдай тер»,-деген осы,Хамитжан.
Өзінің маңдай теріңнің жемісі.
Хамит атасын құшақтай алды.
Асқақтаған кірпіштер
Сөздік:қол созымда,ысырылып кетіп еді,қақ бөлініп
Мазмұндау жоспары:
1.Жан біткен кірпіштер
2.Ата кірпіштердің ақылы
3.Төменгі кірпіштердің шағымы
4.Күш біріктіру
5.Шашылып қалған кірпіштер
Тас қалаушы кірпіштерді қалап,жөніне кетті.Сол-ақ екен,кірпіштерге жан бітіп,өзді-өзі даурығыса бастады.
-Туу,неткен биіктік!Ай да,жұлдыздар да қол созымда тұр,-деп жоғарыдағы кірпіштер айқай салысты.
-Тынышталыңдар!Биікте тұрғандарың кімнің арқасы?-деп,төмендегі,Ата кірпіш ақыл айтып көріп еді,ешқайсысы құлақ аспады.Даурығысып,төмендегілерге ұйқы бермеді.
-Бұлары несі?Біз болсақ иығымыз талып,соларды көтеріп тұрмыз.
- Ата,бізді бұл қорлықтан құтқарыңыз,-деп,төмендегі кірпіштер жылапсырап,Ата кірпішке шағым айтты.
-Күш біріктіру керек,-деді Ата кірпіш ойланып алып.Күш бірікті.Ата кірпіш бастаған астыңғы кірпіштер тұрған орындарынан,ысырылып кетіп еді,жоғарғылар төменге дүрс-дүрс құлап түсті.
Ертесіне тас қалаушы келіп,басын шайқады.Өйткені биіктен құлаған кірпіштер қақ бөлініп жерде шашылып жатыр еді.

(Д.Әбілов) (124сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет