15.Абайдың қазақтың жаңа жазба әдеби тілін жасағандағы орнына баға беріңіз
Абай да өз шығармашылығында қазақтың ауызша тарап келген байырғы әдеби тілін негіз етті, оның барын дамытып, жоғын толықтырды, жаңа сатыға көтерді. Әрине, Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтергенде бұрынғы принцип-бағыттардың күллісін жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты өмірлік белгілерін сақтап, оларды әрі қарай ұстады. Бұл принцип-бағыттардың негізгілері мынадай:
1)Жалпыхалықтық сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстау. Қазақтың ауызша дамыған байырғы әдеби тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы осы принцип бойынша дамығандықтан, ол дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға ауызекі сөйлеу нормасына орай өзгеріп отырған. XV-ХVI ғасырлардағы Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбеттердің тілінің лексикасы мен грамматикасы өз дәуіріне сай, қазіргіден біраз өзгеше болғны даусыз. Ал әдеби дәстүр үзілмей келе жатса да, XIX ғасырдағы, мысалы, Махамбеттің, Дулаттың, Шортанбайдың т.б. тілі XV ғасырдағыдан өзгешелеу, өз тұсына лайық болғаны және даусыз. Бұл принципті ауыз әдебиеті де ұстаған. Ертеректе пайда болған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» немесе «Қамбар батыр» сияқты жырларды XIX ғасырдың жыршысы айтып бергенде, ол өз тұсының жалпыхалықтық сөйлеу нормасына тән лексика-грамматикалық элементтерді сынамалап енгізіп отырған. Сол себептерден де бұлардың мәтінінен подносы мен әйгілі шай, самаурын да, пәуеске, тарантастар да, тіпті расхот, минут сияқты сөздер де кездеседі. Ал бұл орыс сөздерінің қазақ тіліне соңғы дәуірлерде енгені мәлім. Бұл – жырды жеткізушінің өз талғамынан кеткен әрекеті емес, жоғарғы принциптен туған заңдылық, ертеде өткен ақын-жыраулардың мұралары бізге дейін ауызша жеткізушілердің лабораториясынан өткенде, сәл өзгеріп отырғандығы тек шала жаттау, ұмытылып қалу тәрізді ауызша «баспаның» себептеріне ғана байланысты емес екендігі көрінеді.
2)Жоғарғы принципке қарама-қарсы жалғастылық принципі. Ертеде, белгілі бір кезеңдерде пайда болған көркемдеу элементтері (образдар, теңеулер, метафоралар т.т.) үзілмей сақталып, келесі дәуірлерде қайталап келіп, стандарттануы осы принцип бойынша жүзеге асады. Бұл белгі ауыз әдеби тілі мен жеке авторлар тілінің арасында да, әр дәуір ақындарының өз араларында да сақталған. Сондықтан эпостық жырлардағы көптеген фразеологизмдер немесе бір жыраудың (ақынның) толғауында ұшырасатын штамптар екінші бір ақындарда (жырауларда) ұшырасуының бір себебі – жаңа кезеңге дейінгі қазақ әдеби тілінің осы көрсетілген даму принципінен туған зандылық болып табылады. Бұл заңдылық әдеби тәсілдерді шындай түсуде, әдеби нормаларды тұрақтандыруда үлкен рөл атқарды.
Абай өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің осы екі даму принципін де қолдады: ол да, бір жағынан, жалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен негізін үзбеуді көздесе, екінші жағынан, бұрын-нан келе жатқан дәстүрлі элементтерді де жоққа шығармай, барынша пайдалануды мақсат етті. Бірақ Абайдың жаңашылдық әрекеті – бұл дәстүрді бұлжытпай сол күйінде пайдалану емес, әрі қарай толықтырып, жаңа мазмұнға сай етіп қолдануға алып барды. Абайтанушылардың жазғандарына қарағанда, Абай қазақтың бай ауыз әдебиетін, өзіне дейінгі және өзімен тұстас Арқа, Жетісу ақындарын жақсы білген, тілдеріне зер салған. «Сөздері бірі – жамау, бірі – құрау» деп, сол әдебиеттің ең бетке шығар үш өкілі – Бүхар, Шортанбай, Дулатты сынағанымен, олардан көп үйренген, бұл сөзінде Абай олардың өлең ұйқастарын, сөз қиыстырған ақындығын олқысынбаған, үшеуінің бірдей идеясын, ой кедейлігін сынаған.
Абайдың тұсында және сәл алдыңда қазақ халқының мәдени-рухани дүниесіңде ауызша да, жазбаша да түрде тараған әр алуан әдебиет саласы барлық жағынан екі ұдай топқа бөлінді. Тақырып жағынан: азаматтық және діни әдебиет; жанр жағынан: көркем әдебиет және өзге жанрларға жататын үлгілер; тегі жағынан: төл және аударма әдебиет; тілдік негізі жағынан: қазақтың халықтық сөйлеу тілге сүйенген және ескі түркі жазба дәстүріне иек артқан әдебиет түрлері.
Осы екі ұдайылық бір-бірін әрдайым жоққа шығара бермесе де, тіл таңдау дегенді күн тәртібіне қоюға себепкер болды. Абайдың тілге қатысты талабы мен таңдауы осындай жағдайда белгіленді. Аталған ситуацияны жақсы аңғарған Абайға енді өз шығармашылығы үшін де, жалпы қоғам мүддесі үшін де екі ұдайылықтың кейбір сәттерінің бір жағын қолдауы қажет болды: ұлттық жазба тілдің негізі етіп бір ғана түрін қостап, соны дамытуы керек болды. Дүниетанымы мен суреткерлік бағдарында да ол демократтық-прогресшіл идеологияны ұстанды, шығармашылығында азаматтық тақы-рыпты қалады, Бұлар Абайды тіл таңдауда да халықтық демократтық платформаға алып келді: ол қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі үшін жалпыхалықтық сөйлеу тіліне негізделген төл әдеби тілді – санғасырлық қазақ поэзиясы тілін таңдады. Қоғамның өсіп келе жатқан рухани-эстетикалық мұқтажын өтеуде сол қауымның қалың бұқарасына ортақ түсінікті сөйлеу тілін таңдау қажеттігі туды.
Халықтың ұлт ретінде ұйымдасуына ұйытқы болатын фактордың бірі – жазба әдеби тіл болуға тиіс. Абай мұндай ұйтқылық қасиетті шағатай тіліне негізделген ескі жазба дәстүрден көре алмады, ондай күшті Абай сан ғасырдан қазақ поэзиясына қызмет етіп келе жатқан ауызша тараған төл әдеби тіл мен халықтың сөйлеу тілінен көріп тапты.
Бірақ Абай үшін ескі түркі жазба тілдері, оның қазақ топырағындағы «кітаби тіл» атанған түрі қазақтың ұлттық жазба тілі ретінде әрі қарай қызмет ете алмағанымен, ол – құбыжық емес, қосалқы құрал болды. Бұрынғы жазба тілде прозалық стильдердің ертеден қалыптасып дамуы өз заманында пайда бола бастаған қазақ публицистикасы мен өзге де прозалық жанрларына тікелей әсер етіп, таңбасын басып отырғанын Абай жоққа шығармайды. Ол тіпті бұл жазу дәстүрін өзінің кейбір «Қара сөздерінде» пайдаланады да. Оның бүкіл прозасы емес, 38-сөз деп аталатын шығармасы «кітабишылап» жазылған. Демек, Абай ортаазиялық түркілік дәстүрден жалпы безуді емес, оны белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды ұсынады.
Абай – жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы Сөйтіп, Абай өзіне дейінгі ғасырлар бойы шыңдалып, нор- малары бірте бірте тұрақталып, әдеби сипат алып өмір сүріп келген қазақ әдеби тілін әрі қарай жалғастырып, бірқатар жаңа бағыт-белгілер қосып, оның даму барысындағы келесі, жаңа
этапын бастайды. Бұл этап – бір жағынан, көненің жалғасы болса, екінші жағынан, жаңаның – осы
күнгі қазақ әдеби тілінің бастамасы, алғашқы кезеңі. Абай творчествосының тілі бұрынғы қазақ әдеби тілінің жаңа этапы болып саналуға бірнеше дәлел фактор бар. Олар, негізінен, тілдің даму процесіндегі принциптер мен бағытқа байланысты.
Ең алдымен, Абай мен Ыбырай бұрынғы өмір сүріп келген қазақ әдеби тілінің қоғам өмірінде әрі қарай қызмет етудегі азаматтық правосын принципті түрде бекітті. Әрі қарайғы қоғамда «кітаби тіл» нормалары емес, бұрыннан да едәуір болыпкелген қазақ әдеби тіл нормалары негіз болуын анық, айқын түрде көрсетті. Бұл ретте «кітаби тіл»қарамақарсысында тұрды, сондықтан да бұл
бұрынғы шағын салада болсада қызмет етіп келген жазба әдеби тіл «кітаби тілден» ажырап, жаңа
жазба деген атрибутқа ие. Содан соң бұлар осы тілдің қоғамдық қызмет аясын кеңітуге жаңа бағыт сілтеді;бұл әдеби тіл енді
тек көркем әдебиет қана емес, оқупедагогика саласына да, ғылыми-публицистикаға да – қысқасы,
қазақ қоғамының күллі азаматтық рухани мұқтажына қызмет етуге тиісті түрде дамуы қажет екенін күн тәртібіне қойды. Үшіншіден, тілдің нормалары мен көркем әдебиетті (әсіресе поэзияны)
дамыту принциптерінде көптеген жаңа тенденция ұсынды. Бұл жаңа этап деп аталуына басты себеп-тердің бірі болады. Ол тенденциялар мен жаңалықтардың бірқатарын біз Абай тілінің лексикасы мен грамматикасын талдау үстінде көрсетеміз.
Әрине, Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға (этапқа) көтергенде бұрынғы принцип-бағыттардың күллісін жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты, өмірлік белгілерін сақтап, оларды әрі қарай ұстады. Бұл принцип-белгілердің негізгілері, біздіңше, мыналар тәрізді:
а) ауызекі сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстау. Әдеби тілдің сөздік байлығы осы принцип бойыншақұралатындықтан, ол дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға ауызекі сөйлеу нормасына орай өзгеріп
отырған. Қазіргі бізге осы күнгідей болып жеткенімен, XVғасырдағы Қазтуғанның тілінің лексика-лық құрамы өз дәуіріне сай болғаны даусыз. Ал әдеби тілдік дәстүр үзілмей келе жатса да, XIX ғасырдағы, мысалы, Шортанбайдың сөз байлығы XV ғасырдан айтарлықтай өзгеше, өз тұсына лайық болғаны тағы даусыз. Бұл принципті ауыз әдебиеті де ұстаған. Ертеректе пайда болған «Қозы Көрпеш» немесе «Қамбар» сияқты жырларды XIX ғасыр жыршысы айтып бергенде, соңғы өз тұсының сөйлеу нормасына тән лексикалық единицаларды сыналап болса да енгізіп отырады. Сол себептен бұларда тіпті пәдносы мен әйгілі шай-самаурында, сондай-ақ пәуеске тарантастар да,
тіпті минет (минут) тәрізді сөздер де кездеседі. Бұл – жырды жеткізушінің беталды кеткен
әрекеті емес, жоғарғы принцип нормадан туған заңдылық. Ал XIX ғасырдың өзінде пайда болған
«АйманШолпан» сияқты жырларда өз заманының жалпыхалықтық сөйлеу тілінің лексикалық байлығы тіпті мол көрінеді. Ертеде өткен ақын-жыраулардың мұралары бізге дейін ауызша
жеткізушілердің лабораториясынан өткенде өзгеріп отырғандығы тек шала жаттау, ұмытып қалу
тәрізді ауызша «жазудың» субъективтік себептеріне ғана байланысты емес деп ойлаймыз. Мұнда
жалпы заманына қарай лайықталып отыру сияқты әдеби дәстүр-принциптің де ізі болуы мүмкін. Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің басты бір даму принципі-ауызекі сөйлеу тәжіибемен әрқашан
тамырын үзбей, бірге жылжып отыруы.
ә)Осыған қарама-қарсы жалғастылық принципі. Белгілі бір кезенде жасалған образдар, теңеулер, метафоралар көркемдеу элементтері үзілмей сақталып, келесі буындарда
қайталап келіп, стандарттануы осы принцип бойынша жүзеге асады. Бұл принцип ауыз әдеби тілі мен жеке авторлар тілінің арасында да, әр дәуір ақындарының өз араларында да
сақталған. Сондықтан фольклорлық жырлардың буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып-тары, Күнікейдей көріктіңді, Тінікейдей тектіңділері, туырлығын тілгілеп,
Достарыңызбен бөлісу: |