1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абайдың «Ескендір» поэмасы



бет24/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

24.. Абайдың «Ескендір» поэмасы.
Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.
Поэмада Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайында аңыз жазылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.
Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді.
Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендір екеуінің сөздері мен іс-әрекетінен шығарылады.
Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.
25. Абайдың «Әзім әңгімесі» атты дастанын талдаңыз.
Асылында Абай поэма жазуға қатты әуестенбеген. Тек бұл өнерді шәкірттеріне тапсырып отырған деседі. Абайдың тұңғыш ұлы Ақылбай "Дағыстан" ("Кәрі Жүсіп"), "Зұлыс", "Жаррақ батыр" атты поэмалар жазды. Ал ұлы Мағауия Абайдың ақылының арқасында: "Еңлік-Кебек", "Абылай", "Медғат-Қасым" атты поэмалар жазып қалдырды. Абай өмірінің соңына дейін 3 поэма ("Масғұт", "Ескендір" және "Әзім әңгімесі") жазған. Оның соңғысы "Әзім әңгімесі" бітпей қалған. Шығарма оқиғасы "Мың бір түн" ертегісіндегі сюжетке құрылған. Бүгінгі әңгімеміз осы бітпей қалған поэма туралы болмақ.
Бұл туралы белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: "Мың бір түнде" мұндай ғажайып оқиғалар сан рет кездесе береді ғой. Әйтсе де, "Әзімнің" олардан бір айырмасы – алхимия мәселесінің сөз болуы.
Абай "Мың бір түн" әңгімесінің бір тарауын өлеңге айналдырады. Джафар Бэкон тәрізді ғалымдар алдарына ғылыми үлкен мақсаттар қойса, Әзімге кездескен жәдігөй шал тәрізді сұм-сұрқиялар ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өздерінің баю мүддесіне пайдалануы, ол үшін неше түрлі зымияндыққа барулары мүмкін. Жәдігөйшал – солардың бірі. Байлықтың өзінше ауруы бар. Өмірінің ең қызығы, ең негізгі мақсаты тек баю ғана деп ұғынушылар қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің зымияндық мақсатын орындау үшін Әзімді қолына алдап түсіреді де, тау басына, ысылдаған апжылан, айдаһарлардың ішінде қалдырады.
Шалда ешбір аяушылық сезім жоқ, өз істерін заңды деп ұғады. Екіжүзділік, қаярлық, қаражүректік, бәрі де шалдың басынан табылады. Поэманың негізгі идеясы да баюды нысана еткен адамдарға тән мінез-құлықтарды бейнелеу. Әзім өзінің жастығы, аңқаулығы, тәжірибесіздігі арқасында құлқынның құлы болған қу шалдың баю жолындағы құрбандығы болады. Поэманың аяғында ол қандай адам болатынын кім білсін, әзірге Әзімнің дініне берік, жүректілігінен басқа қасиеті байқалмайды. Жай баяндау үлгісінде поэма біркелкі тәуір де. Бірақ тым құрғақ, бірыңғай ұйқас, ырғақтары да ойдағыдай емес. Поэма әлі де зерттей түсуді керек етеді", - дейді.
Әзім әңгімесі не үшін аяқталмағаны белгісіз. Алғаш рет 1933 жылы Абай шығармалары жинағына енген. Оған дейін қолда жүрген қолжазба, ескіріп, кейбір жері өшуге айналған. Сондықтан поэманың кейбір жолдарын Мұхтар Әуезов "Абайдың стилі емес" деп санайды: "Бұл поэманың өзегі "Мың бір түннің" бір тарауы – "Әлидің Әзімі" деген ұзақ ертегі болатын. Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың текстін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырысайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да "төлеу" салып, аламыштап жіберген сияқгы. Өйткені поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар.
Бұлай болмаса, поэма Абайдың тіпті ерте кездерде өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір вариант болуға керек. Қалай да "Әзім" поэмасы, ең әуелі, бітпеген шығарма болғандықтан, екінші, көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптанған дастан болмағандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы, жогарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз”, - дейді.
Поэманың соңында Әзім құз басындағы ұядан айдаһарды өлтіріп, жонынан кесіп алған терсінен арқан өріп, төменге түседі. Содан соң жәдігөй шал жолда кездестіріп, айналып өткен сәулелі үйге барады. Үйдегі екі қыз мұны өздеріне бауыр етеді. Үйді аралап көрсетіп: "Осындағы заттардың барлығы сенің иелігіңде, тек мына есікті ашпа!" дейді. Екі қыз жоқта Әзім есікті ашып көреді. Ішінде құйқылжыта сайраған әсем құстар мен мәуелі бақ бар екен. Поэма осы жерден бітеді.
Біз аталған шығарманы аяғы бітпей қалған деп оқып жүрміз, бірақ мұнымен академик, әдебиет зерттеушісі Жанғара Дәдебаев келіспейді. Ғалым Абай поэмасындағы кейбір жолдар оған тиесілі емес деушілерге де қарсы.
"Басқалар айта береді. Әуезов "Әзім әңгімесіне" күмән келтірген жоқ. Абай туралы алып-қашпа сөздер болады. Бұл туралы жақсы мақала жариялау керек. Абайдың данышпандығын көрсету керек. Абайтанушыларға тапсырыспен Әзімнің әңгімесі классикалық шығарма екенін жазғызу керек. Аяқталмай қалды дегенге келсек, негізі сюжеті осымен аяқталып тұр. Сол жеткілікті. Айтар ойын айтты. Ары қарай жалғаструға да, жалғастырмауға да болады", - дейді ғалым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет