1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


Абайдың алтыншы сөзін талдаңыз



бет26/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

27 Абайдың алтыншы сөзін талдаңыз

Абай – қандастарының, бауырларының, жалпы айтқанда, елінің адамгершілік қасиеттері мен ұяты мол болғанын арман еткен адам.


Абай бұл сөзінде «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» атты қазақ мақалының көлеңкелі жағына қатты шүйіледі. Абай түсінігінде бәрін ортаға салу бірлік емес.
…Ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ… Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?
«Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік?..
Сөз түсінетін адамға «Жан итте де бар» деген қандай ауыр сөз!
Тек қана тірлікті қымбат санаудың адамның адамдық қасиеттерінен бездірер нәрсе екенін, адамдық принциптерден алшақтатар нәрсе екенін ескертеді.
…Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады.
Бұ заманда адамның әр іс-әрекетіне «ұят» деген кісілік көрсеткіші араласып, өз дауысын толық пайдаға асырушы, о заманда «тозақ» деген азап барын мойындап одан қорқа өмір сүруші Абай іздеген «толық адам» қасиеттерін бойына сіңірген адам болса керек.Абайдың бұл сөзде марксизм мен коммунизм негіздерін жоққа шығара отырып, сана жоғары болу қажеттігін ескертеді. Бұл сөзде адамдардың рухани бірлікке шақырар ортақ азығы болу қажеттілігі анықталады. Көкірегі тірі, көңілі ояу боп өмір сүруді уағыздайды.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып… деген сөзді Абай тектен-тек ойдан шығарған жоқ. Ондай адамдар бұ заманда да жетерлік.
…Кеселді, жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың – пысық, ішің – нас,
Артын ойлап ұялмас, –
болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық…
Абайдың жағымсыз кейіпкерлері осындай тұрпатты адамдар. Қандай қорқынышты кісілер. Олар тек қана өзінің емес, басқалар өмірін ластауға да ұялмайтын адамдар. Ең қорқыныштысы – солар қолына тиген билік. Әлгі қасиеттерімен ел басына жіберілетін «құрметті қайраткерлер», ішінің настығын байқатпай, пысықсынып ел сөзін сөйлегенсіп, алып қал, жұлып қал принципімен өз ісінің артын ойлап жатпай, адам мен табиғат сұранысы деген негізгі тірлік қағидаларынан аулақ өмір сүреді. Әйтпесе тірімін деме, одан да өлімнің өзі артық деп, әлгіндей тірілерге өте ауыр салмақ артады.
Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Надандық… Еріншектік… Залымдық» дейді.
Абай білім-ғылымның жоқтығы адамдарды надан етеді, қор етеді дей келіп, оны хайуандыққа теңейді.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны.
АЛТЫНШЫ СӨЗ
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне - бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін - бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың - пысық, ішің - нас,
Артын ойлап ұялмас, -
болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет