Ісіну – қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тін мен тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы.
Ісінудің патогенездік факторлары Гемодинамикалық фактор- Қылтамырлардың вена бөлігінде гидростатикалық қысымның артуы (сүзілу, резорбция)
Онкотикалық фактор -Гипопротеинемия нәтижесінде қанның онкотикалық қысымының төмендеуі (гипоальбуминемиялар)
Тіндік фактор- Электролиттер, нәруыздар, зат алмасу өнімдері жиналуынан тіндерде онкотикалық және осмостық қысымның артуы
Қантамырлық фактор- Қылтамырлар өткізгіштігінің артуы
Лимфа ағып кетуінің қиындауы- Лимфалық тамырлардың тромбозы немесе қабынуы нәтижесінде, құрттармен бітелгенде, жоғары қуыс венасында қысым артқанда
Жүйкелік-эндокриндік фактор- Су – электролит алмасуының жүйкелік және гуморалды реттелулерінің бұзылуы, әлдостерон және диурезге қарсы гормонның түзілуінің артуы
Ісінудің клиникалық түрлері
ЖҮРЕКТІК ІСІНУ 2 жағдайда: 1.Көктамырда қан іркілу:*капиллярда қысымның көтерілуі, *лимфалық тамыр жиырылуы, лимфа ағуы баяулауы, *бауыр қызметінің бұзылуы-> албумин аз-> онкотикалық қысым төмендеуі-> ісіну
2.Жүректен шығатын қан көлемінің азаюы: * гипоксия-ацидоз- тамыр өткізгіштігінің жоғарлауы
*Бүйрек ишемиясы-> ренин түзілуі артады-> Ангитоензин2- >әлдостерон түзілуінің артуы → бүйректе Naкері сіңірілуінің артуы → гипернатриемия → осмостық қабылдағыштардың тітіркенуі→ вазопрессин түзілуі → несептен судың кері сіңірілуінің → судың тіндерде тұтылуы (қуыстарда) → ісіну, сулану
Оң жақ жүрек қызметі жеткіліксіздігіндеқан айналымыныың үлкен шеңберінде іркілуден бауырдың және аяқтардың ісінуі асцит дамуы байкалады. Сол жақ жүрек қызметі жеткіліксіздігі кезінде кіші қан айналым шеңберінде іркіліп , өкпенің ісінуі болады.
БҮЙРЕКТІК ІСІНУ 2 жағдайда: 1.нефроздық синдром-нефрон шумақтарының мембранасының өткңзгіштігі жоғарлауы-> албуминурия-> гипопротеинемия-> онкотикалық қысым төмендеуі-> судың тамыр сыртына сүзіуі-> ісіну
2.Нефриттер-бүйректе кан айналым бұзылуы-> ренин түзілуінің артуы-> алдостерон түзілуі артады-> гипернатриемия-> вазопрессин артық өңдірілуі-> несептен судың кері сіңірілуі артуы-> ісіну