БҮЙРЕКТЕ: 3 жолмен: *Ацидогенез-карбоангидраза ферменті қатысуымен, фосфаттық буферлік жүйе іске қосылады. *Аммонийгенез-зәрде рН қатты төмендегенде, аммоний тұздары түзілуі күшейеді. *Гидрокарболнаттың кері сіңірілуі-алғашқы несепке шыққан натрий гидрокарбонаты бүйрек түтікшелерінде натрий катионының сутек ионы алмастырылады.
ГАЗДЫҚ АЦИДОЗ ағзада СО2 артық жиналып қанда оның үлестік қысым С.Б.Б 45 мм ден астам көбеюінен , PH 7.35тен төмендеуінен дамиды .Себептері ТАО тежелуі ,өкпенің немесе тыныс жолдарының бұзылыстары;ауыр пневмония , эмфизема, невмосклероз ,Тыныс алу орталығының тежелуінен , плевропневмония , Терең құдықтарда, ауа алмаспайтын жерлерде , шахталарда ,дем алатын ауада СО2 көп болуы . ҚандаСО2 көптігінн гиперкапния дамиды. Егер гиперкапния тыныс алатын ауада СО2 мөлшерінің артуынан дамыса онда ентігу пайда болады , АЛ өкпе немесе тыныс жолдарының бұзылыстарынан тыныстық ацидоз дамыса онда адам ағзасында компенсаторлық механизмдер іске қосылады . Жіті тыныстық ацидоз өкпе желдетілуі тез арада азаюынан болады оған ағза жасуша ішілк буферлермен және бүиректің қатысуымен икемделіп беиімдед . Компенсаторлықмех; 1.Қандағы артық СО2 эритроциттерге өтеді де карбонгидраза қатысуымен көмір қышқылы құрылады ол ыдырап Н ионың артығы тотықсызданған гемоглобинмен байланысады ал НСО3аниондары қан плазмасына шығарылады . 2.Қан плазмасының нәруыздары артық сутегі иондарын байланыстырып натрий иондарын бостады .3.Бүиректе фосфаттық буфер екі негіздік натрий фосфатын бір негіздікк айналдырып натрийді босатды . Яғни газдық ацидоздық теңгерілу жолдары артық көмірқышқыл газын байланыстыруға және гидрокарбонаттардың мөлшерін арттыруға бағытталған . Ары қарай СО2 тым артық жиналып кетсе, буферлік жүйелер , физиологиялық реттеу таусылады. Қан реакциясы қышқылдық жаққа ығысып, рН төмендеп кетеді, мұны теңгерілмеген ацидоз дейміз.
ГАЗДЫҚ ЕМЕС АЦИДОЗ ҚСҮ ең жиі ж/е ауыр түрі Себептері 1қышқылдардың сырттан организмге көптеп түсуі .2зат алмасу бұзылыстарынан толық тотықпаған қышқыл өнімдердің жиналып қалуы 3.Тіндерде микроциркуляциялық бұзылстарда себептерден пайда болған гипоксиялар кезінде . 4ашығу ауыр кол жұмысын атқару кезінде 5 қышқылдардың бүирек арқылы сыртқа шығарылуы бұзылыстары , бүирек өзекшелік ацидоз , Нефрон шумақтарында сүзілу бұзылғанда сульфаттар мен фосфаттар қанда тым көбеиіп кетеді .
Газдық емес ацидоздың 3 негізгі түрін жыратады:
1.Метаболизмдік ацидоз. Бұл газдық емес ацидоздың ең көп тараған түрі. Тотықпай қалған өнімдердің жиналуы және артық пайда болуымен зат алмасудың бұзылыстарында жиі дамиды. Мысалдары: а) лактатацидоз, гипоксиялық тіндерде сүт қышқылы өндірілуінің күшеюімен және оның бауырда пайдаланылуының төмендеуіне байланысты. Сүт қышқылды ацидоз жүрек жеткіліксіздігі кезінде, бауырдың жедел некрозында, лейкоз, ісіктерде дамиды; б) кетоацидозқант диабеті кезінде, алкоголизмде, ашығуда, ацетонның, бета-оксимай қышқылының,ацетосірке қышқылының артық түзілуіне байланысты.