1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


ХХ ғ. 20-40 жж. индустрияландыру саясаты кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы



бет13/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
67. ХХ ғ. 20-40 жж. индустрияландыру саясаты кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.
Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды

Индустрияландыру үрдісі басқару жүйесіне әміршіл-әкімшіл басқару әдісінің енгізілуіне байланысты еді. 1925-1933 жылдар арасында билікте болған Ф.И.Голощекин социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Ол қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ деп есептеді. Сондықтан “Кіші Қазан” төңкерісін өткізу идеясын насихаттады. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдады. Ф.И.Голощекин “Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат, негізінен алғанда, бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын” деген жауап алды.
Индустрияландыру өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен геологтар мен геофизиктер Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Олар “ҚазАКСР-і – Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы” деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Кеңес билігінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.
Инженер-геолог Қ.И.Сəтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дəлелдеді.
экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды.
Орталық Қазақстан шикізатты өңір ретінде Оңтүстік Оралдың өнеркəсіп орындарын кен, металл, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Ембі Батыс Қазақстандағы ірі мұнай өнеркәсібі базасына айналды. Орал-Сібір-Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды.

Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит орталыққа тегін əкетілді. Алтын өндіру елдің қаржы жүйесін нығайтуға үлес қосты. Табиғи байлықтарды теміржол арқылы тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 21,3 есе асып түсті. С.Сəдуақасов: “Қазақстан отар болып келді жəне солай болып қалды” деп көрсетті. Мұнай Ембіде өндіріліп, мұнай өңдейтін кәсіпорын Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен РКФСР мен Украинадан əкелінді.


Қалаландыру үрдісі жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1939 жылы қалада 375 мың қазақ тұрды. 1926 жылмен салыстырғанда 5 есе көп болғанына қарамастан, қалалар еуропалық сипатта болған. Соғыс қарсаңында қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда қазақтардың 16%-ы тұрды. Қала халқы Мәскеу, Ленинград, Киев, Харьков, Свердловскіден және Ресей, Украина, Әзірбайжаннан келген жұмысшылар, инженерлер, техниктер есебінен көбейді.
Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды.
Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды.
Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті.
Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда - 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда –3,1 есеге артқан.
Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.
Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.
Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте күрделі болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі Орталықтан әкелінген европалық ұлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарынның басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет