Шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша
ЖАДЫНАМА
1. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға
балл түрінде қойылады.
2. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан
аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл –
орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.
3. Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін
келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді:
1 балл-10% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті,
мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды
орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;
2 балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта
пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды
жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;
3 балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, қателіктерін
түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау
кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;
4 балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді
түзету кезінде көмек қажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды
орындау кезінде дербестік танытады;
5 балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі
қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды
орындау кезінде дербестік танытады;
6 балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің
көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;
7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді
уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді,
мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, Белсенді, өз бетінше жұмыс
жасайды;
9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде
шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, Белсенді, өз бетінше жұмыс
жасайды;
10 балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес
жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.
4. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі
арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.
5. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
6. ҚО режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электрондық журнал
форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата-аналар мен
мұғалімдерге электрондық журналды пайдалану туралы жадынама беріледі.