1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің құрылысы



бет10/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
9. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінің құрылысы.
Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан,балтыр және және аяқбасы сүйектерінен құралған.Сандағы негізгі сүйек –ортан жілік.Ортан жілік –адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны.Оның денесі және екі жағында ұштары болады.Жоғары ұшында ұршық басы ,одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады.Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады.Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады.Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады.Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып ,алдыңғы жағы бірігіп,тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында олтаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады.Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек.Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады.Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жліншік сүйектерінен тұрады.Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек .Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады.Онда екі төмпек ,ортаңғы және сыртқы төмпек болады.Сүйек үш қырлы болғандықтан ,үш жиегі және үш беті бар.Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады.Кіші жіліншік денесі үш қырлы ,жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек.Төменгі ұшы жуантықтау болады,оны сыртқы тобық деп атайды.
Аяқ басы сүйектері тілерсек,табан және бақай сүйектері бөлімдерінен тұрады.Тілерсек сүйектері балтыр мен табан сүйектерін жалғастыратын жеті сүйектен:топай,өкше,қайық,текше пішінді және сына тәрізді үш сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің саны бесеу.Бақай сүйектерінің 1-ші бақай сүйектері 2 башпайдан ,қалған 2-5-шілері 3 башпайдан құралған.Табан сүйектерінің негізі,денесі жэәне басы болады.Башпай сүйектері де дәл сондай бөлімдерден құралған.
10. Бас қаңқасының дамуы, жасқа байланысты ерекшеліктері.
Бас сүйек(cranіum) — адам мен омыртқалы жануарлар басының қаңқасы. Онда ми, көру, есту органдары, ас қорыту және тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады. Барлық омыртқалыларда Бас сүйек екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет бөлігі. Ми сауыты — маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады. Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады. Ал Бас сүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады. Бас сүйек шеміршек және жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2 айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нәрестеде Бас сүйектің жіктері әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті “еңбек” деп атайды. Оның бекуі 1,5 жаста, ал жалпы Бас сүйектің өсуі 23 — 25 жаста аяқталады. Бас сүйек ми сауытының өлшемдеріне байланысты қысқа — брахикранды, орташа — мезокранды, ұзын — долихокранды болып бөлінеді. Осыған орай, ғылымда ми сауыты неғұрлым ұзын болса, соғұрлым адам ақылды келеді деген бұрыс пікір болғаны да мәлім. Бірақ ғылым Бас сүйектің пішінінің әр алуандығы нәсілдердің айырмашылықтарын емес, қайта олардың ұқсастығын, бір тектен шыққанын дәлелдеді деп тұжырымдайды. Барлық нәсілдерде бастың шеңбері 53 см-ден 61 см-ге дейін өзгеріп отырады. Бас сүйек жақсы сақталатын болғандықтан, антропогендік зерттеулерде бұрын өмір сүрген адамдардың дене тұрқын анықтау үшін қолданылады. Әр түрлі сырқаттардың патологиялық асқынуына байланысты Бас сүйек түрліше өзгеріп отырады. Өлген адамның Бас сүйекгі де қабірде жатып өзгеріске ұшырайды. Бас сүйекті қолдан да өзгертуге болады. Мысалы, бесікте, құндақта үнемі шалқасынан жатқызған нәрестенің қарақұсы жалпайып кетеді. Жастайынан баланың маңдайы мен қарақұсын орамалмен айналдыра қыса байлап өсірсе, төбесі шошақ болып қалыптасады. Кей жағдайда, маңдай мен қарақұсқа тақтай немесе құм салынған дорба байлап та Бас сүйектің пішінін өзгертуге болады. Кейбір халықтар баланы жас кезінен төбесін жалпақ етіп өсіреді. Егер тақия, бөрікті үнемі тастамай кисе де, Бас сүйек пішіні өзгеріске ұшырайды. Бас пішінін әдейі өзгерту дәстүрі ерте заманда Азия, Еуропа, Америка тұрғындарының арасында болған, кейбір халықтарда қазірде де бар. Ғұндар, сарматтар, т.б. көшпелі тайпалар бас пішінін қолдан өзгерткен. Мұндай салт б.з.б. 3—1 ғасырларда қазақ жерінде де орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет