1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Парасимпатикалық жүйке жүйесі



бет67/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Парасимпатикалық жүйке жүйесі. Орталығы парасимпатикалық ядролар. Олар үлкен ми діңгегінде және жұлынның «ат құйрығы» деп аталатын ұшында. Бас мидың 12 жұп жүйкесінің көзді қозғаушы (Ш жұп), беттік (ҮІІ), тіл – жұтқыншақ (ІХ), кезеген (Х) жүйкелерінің құрамында болады. Беттік және тіл-жұтқыншақ жүйкелерінің талшықтары сілекейдің бөлінуіне, ал кезеген жүйкесінің парасимпатикалық тармақтары тыныс алуға, жүректің қызметін реттеуге қатысады. Сонымен бірге парасимпатикалық тармақтар орталығы сопақша мида, оның қызметін реттеуге әсер етеді. Жұлынның құйымшақ сегментінде орналасқан парасимпатикалық жүйке жүйесінің ядроларынан үлкен және кіші дәреттерді реттейтін тармақтар шығады.



  1. Сезім мүшелеріне сипаттама.


Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.
Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:
1.көру мүшесі - көз,
2.есту мүшесі - құлақ,
3.дәм сезу мүшесі - тіл,
4.иіс сезу мүшесі - мұрын,
5.сипап сезу мүшесі - тері жатады.


  1. Көру ағзаларының құрылысы, қызметі.


Көру мүшесі (organum visae; гр. organum — мүше, лат. visa — көру) — құрылысы күрделі көру талдағышының (анализаторының) жарықты қабылдағыш шеткі бөлімі. Ол көз алмасынанкөру жүйкесінен, көздің қорғаныс және көмекші мүшелерінен тұрады.[1] Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, ол белок деп аталады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет