1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет66/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Иық өрімінің тармақтары.



  1. Бел өрімінің тармақтары.




  1. Сегізкөз өрімінің тармақтары



.


  1. Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері.


Вегетативті жүйке жүйесі (вегетативная система, systema nervosum autonomicum) - орталықтағы және шеткерідегі болып екі үлкен топқа бөлінеді. Орталықтағы жүйке жүйесінің ядролары бас мида және жұлында орналасқан. Шеткерідегі вегетативті жүйке жүйесі вегетативтік түйіндерден (ганглия), вегетативті жүйке талшықтарынан тұрады. Вегетативтік түйіндер бас мидан алыста болады. Вегетативті жүйке жүйесінің талшықтары ми сауытының және жұлын жүйкелерінің құрамына кіреді.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның ҮІІ мойын, барлық кеуде, 2-3 бел сегменттерінің бүйіртегі бағандарында. Әр мүшенің өзіне әсер ететін симпатикалық жүйке талшықтары болады. Олар жұлынның белгілі бір сегменттерінің бүйірдегі бағандарында, көздің қарашығын кеңейтетін симпатикалық орталықтар бар. Жұлынның 5 жоғарғы кеуде сегментінің бүйірдегі бағандарында жүректің қызметін жылдамдататын, бронхтар мен бронхиолдар кеңейтетін орталықтар орналасқан. Кеуде және бел сегментінің бүйірдегі бағандарында вена тамырларының тер бездерінің қызметі жүйке жүйесінің талшықтары жұлынның бүйірдегі бағандарының нейрондарының өсінділерінен тұрады. Олар ҮШ мойын сегметінен, 2-3 бел сегментінің бүйірдегі бағандарында орналасқан. Олардан шыққан 20-25 талшықтар омыртқа жотасының екі жағында пайда болады. Симпатикалық жүйке жүйесінің бүйірдегі бір-бірімен аралық талшықтар арқылы бірігіп, омыртқа жотасының екі жағында «діңгек» пайда болады. Симпатикалық діңгектің мойын, кеуде, (жұлдызша) түйіні пайда болады. Олардың ішіндегі ең ірісі жоғарғы мойын түйіні. Жоғарғы мойын түйінінен ұйқы жүйкесі тарайды. Ол осы аттас артерия қан тамырына бағытталып оның айналасында ұйқы тор пайда болады. Ұйқы торынан аттас артерияны, оның тармақтарын, көздің қарашығын, көз жас безін, сілекей бездерін, жұтқыншақ бездерін, көмекейді, тілді жүйкелендіретін тармақтар, жоғарғы мойын түйінінен жүректің симпатикалық жүйке торынын құрылысына қатынасатын тармақтар шығады. Орталық мойын торы тұрақты емес. Одан жүректі, қалқанша, қалқанша маңы безін, мойынның қан тамырларын жүйкелендіретін тармақтар шығады. Мойын кеуде (жұлдызша) түйінінен қалқанша, қалқанша маңы безін, жоғары және алдыңғы көкірек аралықты, бас мидың, жұлынның қан тамырларын,қабықтарын жүйкелендіретін тармақтар шығады.
Симпатикалық жүйкесінің кеуде бөлімі 10-12 жұп түйінінен тұрады . Бұл түйіндер қабырғалардың басының алдында плеврамен ішкі кеуде шандырының артында жатыр. Симпатикалық жүйкенің кеуде бөлігінен жүрек, өкпе, өңеш, қолқа торлары пайда болады. Олар аттас мүшелерді симпатикалық жүйкемен қоректендіреді. Кеуде түйінінің ең ірі жүйкелері: ішкі мүшелердің үлкен және кіші жүйкесі. Олар көкет пен іш қуысына өтіп, баған торының құрылысына қатысады. Симпатикалық жүйкенің бел бөлімі 3-5 бел түйіні түрінде бел омыртқалардың алдыңғы-бүйірдегі бетінде орналасқан. Ол баған торының қолқа, бүйрек үсті құрылысына қатынасып іш қуысындағы мүшелерді симпатикалық жүйкемен қамтамасыз етеді.Симпатикалық жүйенің сегізкөз бөлімі 4 сегізкөз түйінімен, 1 құйымшақ түйінінен пайда болады. 4 сегізкөз түйіні жамбас астауының артқы бетінде бел омыртқалардың алдында жатады. Құйымшақ түйіні құйымшақтың алдыңғы бетінде.Симпатикалық жүйкенің сегізкөз бөлімінің жамбас қуысын, мүшелерді жүйкелендіретін тармақтар шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет