1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады. Терінің қызметі



бет70/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады.
Терінің қызметі:
Тері - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б.


  1. Эндокриндік жүйеге жалпы шолу.


Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:


  1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);


  2. Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);


  3. Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).


Кызметі:


  • Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.


  • Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.


  • Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:


    • өсуді;


    • ағзаның дамуын;


    • жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;


    • энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.


  • Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:


    • эмоционалды реакциялардың;


    • адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет