1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары



бет119/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

115.Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.
Көмейlarynx мойынның алдыңғы аймағында орналасқан, еркектерде жақсы жетілген көмей шодырын prominentia laryngea түзеді. Көмей үстінде тіласты сүйегімен байланысса төменінде кеңірдекке жалғасады. Көмейді алдынан тіласты сүйегі бұлшықеттері, мойынның беткей және кеңірдек алды шандырларымен қалқанша без үлестері, көмейдің бүйір беттері оны қапсыра орналасқан қалқанша без қылтасымен жабылған. Жұтқыншақ, көмеймен бүйір жақтары ожау-қақпашық қатпарлары, plicae aryepigloticae, алдынан көмей қақпашығы шектеген көмей кіреберісі aditus laryndeus арқылы қатынасады.
Көмей шеміршектері
Көмей, жұп: ожаутәрізді, сынатәрізді, мүйізшетәрізді және тақ: көмей қақпақшасы, қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектерден құралған. ▼Қалқанша шеміршек cartilagо thyroidea алдынан бір-бірімен, әйелдерде жайпақтау, еркектерде тік бұрыш құрап қосылған оң және сол төртбұрышты табақшалардан lamina dextra et lamina sinistra тұрады. Шеміршектің алдыңғы жіегінде жоғарғы incisura thyroidea superior және төменгі incisura thyroidea inferior қалқанша тіліктері орналасқан. Шеміршектің артқы жиегінен жоғарғы cornu superius және төменгі cornu inferius мүйіздерді байқауға болады. Табақшалардың сыртқы бетімен қиғаш сызық linea obligua өтеді.
Жүзік тәрізді шеміршектіңcartilagо cricoideaсырткы пішіні жүзікке ұқсап орналаскан тақ гиалин шеміршектен тұрады. Бұл шеміршек алға қарап орналаскан доғасынан, arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналаскан табақшадан, lamina cartilaginis cricoideae, тұрады. Табақшаның жоғарғы бетінде ожаутәрізді шеміршекпен беттесіп буын құрайтын оң және сол жақ буын беттері, төменде доғасының табақшасымен қосылған жерінде және бүйір қапталында, қалқанша шеміршектін төменгі мүйізімен беттесіп буын құрайтын буын беттері орналаскан.
Ожау тәрізді шеміршектерініңcartilado arytenoideaсырткы пішіні үшжақты пирамида тәрізді келген жұп гиалин шеміршегінен тұрады. Негізін basis cartilaginis arytenoidea, ұшын apex cartilaginis arytenoidea және үш бетін: медиальді medialis, артқы posterior, алдыңғы-латералды anterolateralis ажыратады. Негізінің алдында дауыс өсіндісі, processus vocalis, ал бүйір жағында бұлшықеттік өсінді porcelsus muscularis орналасқан.
Мүйіз тәрізді шеміршек cartilagо corniculata ожау-көмей қақпашығы қатпарының артқы бөлігінің ішінде, ожаутәрізді шеміршектің ұшында, мүйізшетәрізді төмпешік tuberculum corniculatum түрінде орналасқан.
Сына тәріздішеміршекте cartilagо cuneiformis алдыңғы шеміршектей, оның алдында орналасып, ожау-көмей қақпашығы қатпарының ішінде сынатәрізді төмпешік tnberculum cuneiformis түрінде байқалады.
Көмей қақпашығы epiglottis көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек. Бұл шеміршектің жіңішкелеу келген, калқанша шеміршектің жоғарғы тілігіне жақындап, бекіп орналасқан көмей қақпашығының сабақшасы, petiolus epiglottidis, жэне тілге қарап орналаскан алдыңғы беті, көмей қуысына караған артқы беті ажыратылады. Көмей кақпашығының артқы бетінде шырышты бездердің шұнкырлары көптеп орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет