1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет12/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Жамбастың жыныстық ерекшеліктері:

  1. Жамбастың сыртқы көрінісі, әйелдерде-жазық, қысқалау; ерлерде-биік;

  2. Мықын сүйегінің қанатының орналасуы бойынша, әйелдерде-горизонтальді жазықтық бойында, еркектерде-вертикальді жазықтық бойында.

  3. Сегізкөз сүйегі, әйелдерде-қысқа және жазық, ерлерде-ұзын және енсіз.

  4. Шатастылық бұрышы, әйелдерде-90-100; еркектерде-70-75

  5. Жамбас қуысының пішіні: әйелдерде-цилиндр пішінді, ерлерде-конустәрізді.

Әйел жамбасының ерекшеліктері: Үлкен жамбас астуының жыныстық ерекшеліктері.

  1. Қырқааралық қашықтық,distania cristarum-25-27 см

  2. Қылқанаралық қашықтық, distanis spinarum-23-25cм

  3. Ортан жіліктің ұршықаралық қашықтығы,distania inter trochanterica-28-29см.

Кіші жамбас астуының жыныстық ерекшеліктері.

  1. Тік өлшемі – сегізкөз мүйісінен симфиздің ішкі бетінің ең шығыңқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік конъюгата, 11см – ге тең (conjugata vera) тағы анатомиялық конъюгата бар, ол акушерлік конъюгатадан 0,3 – 0,5 см артық.

  2. Көлденең өлшемі – мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы, шамамен 13 –13,5см.

  3. Оң және сол қиғаш - өлшемдері 12 – 12,5 см. Оң және сол жақ мықын – шат төмпешігіне дейінгі аралық. Сол қиғаш өлшем керісінше.

  4. Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген:

алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан II – III сегізкөз омыртқасының жалғасқан жерімен.

  1. Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар. Тік өлшемі –сегізкөздің II , III омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5см. Көлденең өлшемі – ұршық ойыстарының арасы, ол 12,5см-ге тең.

  2. Жамбас қуысы тар бөлігінің жазықтығы алдынан – симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен – шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан- сегізкөз – құйымшақ буындысымен шектелген.

  3. Тік өлшемі - сегізкөз – құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан 11-11,5 см-ге тең.

  4. Көлденең өлшемі шонданай сүйектері қырының арақашықтығымен өлшенеді, ол – 10,5 см.

  5. Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан –симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен – шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдер бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет