1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері



бет14/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   202
14.Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері.
Сирақ сүйектері, ossis cruris, топографиялык орналасуына қарай асықты жілік, os tibia, және асықты жілік шыбығының, os fibulae,сүйектеріне бөлінеді.
Асықты жілік сүйегі, os tibiaұзын түтік тәрізді сүйектерге жатады. Бұлсүйектің: денесі, проксимальды және дисталды ұштары ажыра­тылады
Қырлары:
1. Асықты жілік сүйегінің денесі, corpus tibiae, үш қырлы болып келгендіктен үш қыры: алдыңғы медиальдық және сүйек аралық қыры және үш беті: медиальдық, артқы, латеральдық ажыратылады.
а) Асықты жілік денесінің алдыңғы қыры, margo anterior, қырқа тәрізденіп, сүйірленіп орналасқан. Проксималды ұшы, бұл сүйектің бұдырына, tuberositas tibiae, ұласады.
ә) Сүйекаралық жілік сүйегі денесінің медиальдық беті, facies medialis, немесе алдыңғы медиальдық беті сәлдөңестеу болып, бұл сүйектің алдыңғы қыры мен сүйекаралық қырдың аралығында орналасқан.
Беттері:
а) Латеральдық беті, facies lateralis, немесе алдыңғы-латеральдық беті сәл ойыстау келген.
ә) Артқы бетінде, faciesposterior, латеральды айдаршықтан, төменірек қиғаш бағытта орналасқан қамбала тәрізді бұлшықеттің сызықшасы, linea solius, айқын байқалады. Бұл сызықшадан төменірек, дистальды бағытта бағытталған, сүйектік тканды қанмен қамтамасыз етуші қантамырлардың тесігі, foramen nutricium, орналасқан.
2. Ортан жіліктің проксимальды эпи­физі, epyphysis proximalis, жуандау және қомақтылау болып келген проксимальды эпифизінің бетінде айдаршық аралық медиальді және литералді төмпешіктер, tuberculum
intercondylaris lateralis, et medialis орналасқан. Бұлтөмпешіктердің алдында айдаршық аралық алдыңғы жазықтық, area intercondylaris anterior, пен артында айдаршық аралық артқы жазықтық, area intercondylaris posterior, орынтепкен. Бұл жазықтықтар тізе буынының крест тәрізді болып орналасқан байламының бекитін жері болып саналады. Айдаршық аралық төмпешіктің бүйір қапталында екі жағында айдаршықтың буын беттері, facies articularis, орналасқан. Қызметі, ортан жіліктің айдаршықтарының буын бе- тімен беттесіп, тізе буынын құрау.
Сонымен қатар, латеральдық айдаршықтың бүйір қапталында, асықты жілік шыбығының басымен беттесіп, буын құрайтын буын беті, facies articularis fibularis, айқын байқалады.
Асықты жіліктің дистальдық ұшына, epiphysis distalis, келсек ол, торт қырлы болып келген. Латеральдық бетінде асықты жілік шы- бығымен беттесетін тілігі, incisura fibularis, орналасса, артқы бетінде қайықшалық жүлге, sulcus malleolaris, айқын байқалады. Дистальдық ұшының ішкі қапталында медиальдық қайықша, malleolaris medialis, орналасқан. Меди­ альды қайықшаның латеральдық бетінде, қай- ықшалық буын беті, facies articularis, асықты жіліктің ойыс келген төменгі буын бетіне, facies articularis inferior, ұласады. Бұлбуын беттер, аяқ басының асықты сүйегінің шығырымен бет- тесіп, сирақ-асықты буынды, articulatio talocruralis, құрауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет