1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет15/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Асықты жілік шыбығы (fibula) – дұрыс емес пішінді денесі және қалыңдаған екі шетінен тұрады. Денесінде медиалды, латералды, артқы беттерін және алдыңғы, артқы, сүйекаралық жиектерін ажыратады. Сүйектің жоғарғы бөлігі, дұрыс емес пішінді сүйірленген ұшымен аяқталатын басына (caput fibulae) жалғасады. Ол бұлшықеттер бекуге арналған. Басының жоғарғы медиалды аймағында асықты жіліктің проксималды эпифизі қосылатын кішігірім буындық бет байқалады. Төменгі эпифизі асықты жіліктің дисталды эпифизі және асықты сүйекпен қосылатын буындық беті бар латералды толарсақпен (malleolus lateralis) бітеді. Асықты жілік шыбығының тікелей тері астында орналасқан латералды толарсағынан басқа бөлігі өне бойында бұлшықеттермен жабылған.
15.Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері.
Аяқ басы сүйектерінің адамның тік жүруге бейімделгені олардың пішінінен, көлемдерінен және сүйектердің өзара орналасу ерекшеліктерінен көрініс тапқан.Аяқ басының сүйектері, ossa pedis, үш топ сүйектерден: тілерсек сүйектерден, ossa tarsus, табан сүйектерінен, ossa metatarsus, жэне баш- пай бақайшақтарынан, ossa digitorum, phalanges, тұрады.
Тілерсек сүйектері, ossa tarsi, қысқа- лау келген сыртқы пішіні әртүрлі 5 сүйектен: асықты сүйектен, os talus,, өкше сүйегінен, os calcaneus, қайықша тәрізді сүйектёрден, os navicularis, текше тәрізді сүйектен, os cuboideum, және үш сына тәрізді сүйектерден, ossa cuneiformia, тұрады. Тілерсек (tarsus) – дененің вертикалды қалпынан аяқ басына үлкен жүктеме түсуіне байланысты, адам мен приматтарда тілерсекті құрайтын жеті сүйектер салмақтылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Бақайшық саусақтың сүйектері
Бақайшық сүйектерінің, phalangis, дисталь­ ды қатардағы денесінің сүйектенуі, құрсақтық дамудың 2 айлығында байқалса, проксимальді қатардағы бақайшақ сүйектің сүйектенуі 3 ай- лықтың басында, аралық бақайшық сүйектің денесі құрсақтық дамудың 3 айлығында өтеді. 2-3 жас аралығында бақайшықтың негізінің сүйектік нүктелері байқалып, олардың дөнесі мен өзара бірігуі 18-20 жас аралығында өтеді. Бас бармақтың сесама сүйегінің сүйектенуі 12-15 жас аралығында байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет