1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері



бет9/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   202
11.Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері.
Қол басы сүйектері білезік, алақан және саусақтар құрамына кіретін бунақтардан құралады.
Білезік сүйектері, carpus, 4 сүйектен екі қатарға орналасқан 8 қысқа кеуек сүйектердің-ossa carpi жиынтығы болып табылады. Білезіктің проксималды немесе бірінші білекке жақын қатары егер бас бармақтан бастап санасақ, мына сүйектерген түзілген: қайықша тәрізді, os scaphoideum, жартыай тәрізді , os lunatum, үш қырлы, os triquetrum және бұршақ тәрізді, os pisiforme. Алғашқы үш сүйек бір-бірімен қосылып, кәрі жіліктің дисталды ұшымен буындасуға арналған эллипс тәрізді, білек жағына қарай дөңес буын бетін түзеді. Бұршақ тәрізді сүйек m.flexor carpi ulnaris сіңірде дамыған тобық сүйек болып табылады. Білезіктің дисталды немесе екінші қатары мына сүйектерден тұрады: трапеция, os trapezium, трапеция тәрізді, os trapezoideum, бас тәрізді, os capitatum, және ілмек тәрізді сүйекте-ілмек, hamulus ossis hamati. Қоспа сүйектері жиынтығы қол сырты жағында дөңесте, алақан жағында науа тәрізді ойыс күмбез сияқты. Кәрі жілік жағынан қоспа науасы,sulcus carpi, қайықша тәрізді сүйектері және os trapezium төмпешіктерінен түзілген қыратпен, eminentia carpi radialis, ал шынтақ сүйек жағынан hamuluss ossis hamati және os pisiforme құрайтын басқа қыратпен, eminentia carpi ulnaris, шектелген.
Адам эволюциясы үдерісінде оның еңбек әрекетіне байланысты қоспа сүйектерінің дамуы алға кетеді. Мысалы, неандертал адамның бас тәрізді сүйектің ұзындығы 20-25мм, ал қазіргі кездегі адамда 28 мм. Сондай-ақ адам тәрізді маймылдармен неандертал адамында біршама әлсіз қоспа сүйектері аймағы нығаяды. Қазіргі кездегі адамда қоспа сүйектері байламдармен берік бекітілген, бұл олардың қозғалғыштығын кемітіп, бірақ оның есесіне беріктігін арттырады. Қоспа сүйектерінің біріне тиген соққы басқа сүйектерге тегіс бірдей таралып, әлсірейді, сондықтан қоспаның сынуы сирек кездеседі.
Алақан, metacarpus,бес алақан сүйектерінен, ossa metacarpalia түзіледі, олар типі жағынан бір, нағыз эпифизі бар қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап, I,II,III деп реттеліп саналады. Әрбір алақан сүйегі түптен basis,диафиз немесе денеден corpus және дөңгелектелген бастан caput, тұрады. II-V алақан сүйектерінің табандарының проксималды ұштарында қоспаның екінші қатары сүйектерімен байланысуға арналған ал бүйірлерінде бір-бірімен буындасуға арналған жалпақ буын фасеткалары орналасады. I алақан сүйегі табанында os trapezium-ге буындасатын ершік тәрізді буын беті болады, бүйір фасеткалары болмайды. II алақан сүйегінің табаны os trapezoideum-ді қаусыратын бұрыш пішінді ойық түзеді; V алақан сүйектерінің бастарында проксималды саусақ сүйектерімен буындасуға арналған дөңес буын беттері орналасады. Бастардың бүйір жақтарында бұдырлы шұқыршықтар байламдар бекитін жерлер жатады. Алақан сүйектерінің ішіндегі ең қысқасы және сонымен қатар ең жуаны-бас бармаққа жататын I сүйек. Ең ұзыны II алақан сүйегі, одан кейінгі ұзындығы III, IV-V.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет