1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттері, қызметі. Тік бұлшықеттің қынаптарының пайда болуы



бет60/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   202
54. Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттері, қызметі. Тік бұлшықеттің қынаптарының пайда болуы.
Іш abdomen— тұлғаның алдыңғы кеуде мен жамбастың аралығындағы аймақ болып саналады. Іштің бұлшықеттері іш қуысының алдыңғы, бүйір және артқы топ бұлшықеттерінен тұрады.
Іштің алдыңғы топ бұлшықеттері:
1. Іштің тік бұлшықеті, т.rectus abdominis ол шандыр қабықшаның бүйір қапталында, сыртқы пішіні жалпақтау келіп, төссүйегінің семсерлік өсіндісінен, шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралыққа бойлай орналасқан жұп бұлшықет. Бұл бұлшықет қабырғаның 5-7 шеміршектік бөлігінен және төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен басталып, төмен қарай бағыт алып жіңішкелеу келіп шат сүйегінің төмпешігі, tyberculum pubicum мен қасағасының, symphysispubica аралығына барып бекиді.
Тік бұлшықетінің ерекшелігіне тоқтайтын болсақ, көлденең бағытта кіндіктік сақинадан, annulus umbilicalis жоғары орналасқан екі, төменірек, бір кейбір кезде байқалмайтын аралық сіңіршелер, арқылы бірнеше сегменттерге бөлінеді.
2. Пирамида тәрізді бұлшықеті, т.pyramidalis сыртқы пішіні пирамида тәрізді болып келгендіктен пирамида тәрізді бұлшықет деп аталынады. Бұлбұлшықет, іштің тік бұлшықетінің шатсүйегіне бекитін жерінің алдыңғы қапталынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, іштің бұлшықеті апоневрозының ақ сызықшасына,linea alba,барып бекиді.
Іштің алдыңғыбұлшықеттерініңжалпы қызметі:
1. Кеуде торын төмен тартып, омыртқа бағанасын алға қарай иіп, тыныс алу қызметін атқарып қана қоймай, іштің қуысындағы қысымдыреттеу қызметін атқарады.
2. Екіншіден, біржақты жиырылған кездеомыртқа бағанасы жиырылған жағына қарайбұрау.
3. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті жиырылған кезде омыртқа бағанасы қарама-қарсыжағына қарай бұрылады.
4. Ішкі қиғаш бұлшықеті жиырылған кездеомыртқа бағанасы жиырылған жағына қарайбұрылады.
5. Жиырылған кезде іштің апоневрозды ақ сызықшасын, linea albaкеру.

Іштің тік бұлшықеті, m.rectus abdominisдәнекер тканды қынабтың vagina т.rectus abdominis ішінде орналасқан. Тік бұлшықеттіңқынабы іштіңжалпақ үш бұлшық еттерінің апоневроздарынан құралған.


Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады. Қабырғаларының құрылысы біркелкі орналаспаған.
1. Тік бұлшықет қынабының кіндіктен жоғары деңгейінің құрылысы:
а) Алдыңғы қабырғасы: сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневроздықабықшасы, aponeurosus т. obliquus interniалдыңғы табақшасынан, lamina anteriorтұрады.
ә) Артқы қабырғасы: ішкі қиғаш бұлшықет апоневрозының, aponeurosus m.obliqui interni артқы табақшасы, lamina posteriorмен көлденең бұлшықеттің апоневрозынан, aponeurosusт.transversus abdominisоның фасңиялық қабықшасынан, fascia transversalisжәне бұл бұлшықетті құрсақ қуысы жағынан көмкергенішастардан, peritoneumтұрады.
2. Тік бұлшықет қынабының кіндіктен төмен деңгейіндегі құрылысы:
а) Алдыңғы қабырғасы: сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневрозынан, aponeurosus т. obliquus externi abdominis etinterni abdominis etm. transversus abdominisтұрады.
ә) Артқы қабырғасы: құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасңиялық қабықшасынан, fasciatransversus, және ішастардан, peritoneum тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет