1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Ымдау бұлшықеттері, құрылысы, қызметі



бет63/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   202
59.Ымдау бұлшықеттері, құрылысы, қызметі.
Беттің бұлшықеттері, mm. facialis, немесе ымдау бұлшықеттері, дененің басқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: а) біріншіден эмбрионалдық дамуы өзгешелеу болып келсе; ә) екіншіден тері астында орналасып, фасңиялық қабықшасыз келіп, сүйектік нүктелерден басталып, теріге барып бекиді. б) үшіншіден жиырылған кезде беттің терісінде адамның көңіл-күйін білдіретін қатпарлар пайда болады. Топографиялық орналасуына қарай ымдау бұлшықеттері: көздің, ауыздың, мұрынның, құлақ қалқанының төңірегінде және бас сүйектің қақпағының маңындағы бұлшықеттерге бөлінеді.
1. Бас сүйек қақпағының бұлшықеттері, т. epicranius, ол жалпақтау келіп, бас сүйек қақпағын жауып орналасқан апоневротикалық табақшадан тұрады. Орналасуына қарай:

  • Шүйде-маңдайлық бұлшықет, m.occipitofrontalis;

  • Самай-төбе бұлшықет, m.temporoparietalis деп бөлінеді.

2. Құлақ қалқанының маңында орналасқан бұлшықеттер:

3. Көз шарасының маңындағы бұлшықеттер:

  • Көздің дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis осиlі. Топографиялық орналасуына қарай үш бөліктен: көз қабақтық, көз шарасының және көзжас бұлшықеттеріне бөлінеді. Қызметі: а) көздік бөлігі жиырылған кезде, көздің саңылауын жұмып қоймай, маңдайдың көлденең қатпарларын құрайды. Көздің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеті, m.orbicularisосиlі, көздің саңылауының сфинктрі болып саналады; ә) көздің қабағының бұлшықеті көздің саңылауын тарылтады; б) бұл бұлшық еттің көздің бөлігі, pars orbitalis, жиырылған кезде, көздің латералды бұрышының терісі желпуіш бағыттаорналасқан қатпарларды құрап, қасты төмен тартып, ұрттың терісін жоғары көтереді; в) бұл бұлшықеттің көз жас бөлігі жиырылған кезде, көз жас-мұрын өзекшесінің өту жолы кеңейіп, жастың мұрын қуысына өтуіне ықпал етеді;

  • Қасты түю бұлшықеті, m.corrugatorsupercilli. Қызметі: екі жақтық қасты бір-біріне түйістіріп, аралығында вертикаль бағытта орналасқан сызықшаны құрайды;

  • Тәкәппар бұлшықеті, m.procerus. Қызметі: екі жақты бөлігі бірдей жиырылған кезде, мұрын қырыныңтүбірі маңындағы теріде көлденең сызықша пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет