1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет72/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   202
Бесінші фасциялық қабықша немесе алдыңғы омыртқалық фасция, fascia prevertebralis, ол мойынның тереңде орналасқан бұлшықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды. Ол жоғарыда шүйде сүйегінің негізінен басталып, төменде көкірек аралықтың артқы, mediastinum posterior, қабырғаларына ұласып, одан әрі кеуде қуысының ішкі фасциялық қабықшасын, fascia endothoracica, құрауға қатысады.

Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшаларының күрделі болуына байланысты, Париждік анатомиялық атаулардың тізіміне сүйенсек, мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы ажыратылады:

  1. Мойын бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасы, lamina superfacialis, ол В. Н. Шевкуненко топтастырған мойын бұлшықеттерінің беткей фасциялық қабықшасына, lamina superfacialis colli, сәйкес келеді.

  2. Алдыңғы кеңірдектік фасциялық қабықша, lamina pretrachealis, ол кеңірдектің алдыңғы қапталында орналасқан мүшелердің қынабын құрайтындықтан, алдыңғы кеңірдектік фасциялық табақша, lamina pretrachealis, деп аталады. ОлВ. Н. Шевкуненко баяндаған мойын бұлшықеттерінің 3, 4 табақшасына сәйкес келеді.

  3. Алдыңғы омыртқалық фасциялық табақша, ол В. Н. Шевкуненко баяндаған 4-фасциялық табақшада айтылмаған.


64) Иық белдеуінің бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі.
Иық бұлшықеттері. Эмбрионалдық даму кезіндегі бастапқы классикалық қарапайым орналасуын сақтай келе, иық буыны мен шынтақ буынын қозғалысқа келтіруші алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерге бөлінеді.
Иықтың алдыңғы топ бүгуші бұлшықеттері:
1. Иықтың екі басты бұлшықеті, m.biceps brachii. Бұл бұлшықеттің проксимальді бөлігі қысқа және ұзын басынан тұрғандықтан иықтың екі басты бұлшықеті деп аталуы сол себепті. Ол тоқпан жіліктің алдында терінің астында айқын байқалады.
a) Иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басы, caput longum, ол жауырынның буын үстілік төмпешігінен жіңішкелеу және ұзындау келген сіңірше арқылы басталады. Бұл бұлшықеттің сіңіршесі иық буыны қапшығының астымен өтіп, одан әрі иық буынынан шыққаннан кейін, тоқпан жіліктің төмпешік аралық саласы, sulcus intertubercularis, арқылы өтіп, екі қарыншалы бұлшықеттің жалпы қарыншасын құрайды.
ә) Бұл бұлшықеттің қысқа басы, caput brevis, ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен құстұмсық-иық бұлшықетімен қосарласып бірге басталады. Тоқпан жіліктің орталық бөлігінде екі басы ұршықтәрізді болып келген карыншасын құрап, одан әрі дисталді сіңіршесіне ұласып, кәрі жіліктің бұдырына, tuberiositas radii, барып бекісе, сіңіршенің медиалді бағытта бағытталған жалпақтау келген шандырлы табақшасы, aponeurosis musculi bicepitis brachii, құрап, білектің фасциялық қабықшасына ұласады. Қызметі: иық пен шынтақ буынын бүгіп, ішке қарай айналдыру.
2. Құстұмсық-иық бұлшықеті, m. coracobrachialis, ол жауырынның құстұмсық өсіндісінен, processus coracoideus, жалпақтау келген сіңіршелері арқылы басталып, төмен бағытта өтіп, иықтың кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris, барып бекиді. Қызметі: иық буынын бүгіп, қолды кеудеге қарай тартады. Сонымен қатар, иықты қимылдатпай берік ұстаған жағдайда жауырынды алға және төмен қарай тартады.
3. Иық бұлшықеті, m. brachialis, ол тоқпан жіліктің алдыңғы бетінің төменгі 2/3 бөлігінен, дельта тәрізді бұдырының аралығынан және иық бұлшықеттерінің аралық медиалді және латералді табақшасынан, septum intertuberculares medialis et lateralis, басталады. Сіңіршелері төмен бағытта өтіп, сіңіршенің беткей орналасқан дәнекер тканды талшықтары, шынтақ жіліктің бұдырына, tuberositas ulnae, барып бекісе, тереңде орналасқан сіңіршелері шынтақ буынының буын қапшығына ұласады. Қызметі: шынтақ буынын бүгу.
Иықтың артқы топ жазушы бұлшықеттері:
1. Иықтың үш басты бұлшықеті, m. triceps brachii. Ол иықтың артқы қапталында орналаскан өте жақсы дамыған бұлшықет болып саналады. Бұл бұлшықеттің атына сәйкес латералді, медиалді және ұзын бастары ажыратылады.
a) Латералді басы, caput laterale, ол қысқалау келген сіңіршелер мен бұлшықеттер талшықтары арқылы, тоқпан жіліктің латералді бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералді бетінен, және иықтың бұлшықет аралық латералді табақшаларынан, septum intermuscularis lateralis, басталады. Бұлшықеттің талшықтары төмен және медиалді бағытта өтіп, кәрі жілік нерві жүлгесінің, sulcus nervi radialis, артқы бетін жауып шынтақ жіліктік өсіндісіне olecranon, бағыт алады.
ә) Медиалді басының, caput mediale, басым бөлігі, бұлшықеттік талшықтардан тұрады. Бұлшықет талшықтары бірнеше сүйектік нүктеден: тоқпан жіліктің артқы бетінің төменгі бөлігінің артқы бетінен, шынтақ буынын ішке бұрғыш бұлшықеттің, m. pronator teres, басталар жерінен, иықтық бұлшықет аралық медиалді табақшалардан және шынтақтық өсіндіден, olecranon, басталады.
б) Ұзын басы, caput longum, ол өте мықты келген сіңіршелер арқылы: жауырынның буындық төменгі төмпешігінен, tuberculum infraglenoidale, басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары төмен бағытта, иық белдеу бұлшықеттерінің жұмыр кіші және үлкен жұмыр бұлшықеттердің қарыншаларының аралығымен өтіп, тоқпан жіліктің орталық бөлігінде бұл бұлшықеттің медиалді және латералді қарыншаларымен бірігіп, иықтың үш басты бұлшықетінің жалпы қарыншасын құрауға қатысып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісіне, барып бекиді. Қызметі: шынтақ буынын жазып, қолды тұлғаға қарай тарту.
2. Шынтақ бұлшықеті, m.anconeus. Сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді келіп, тоқпан жіліктің латералді айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus lateralis, және шынтақ буынының жанама кәрі жіліктік байламынан, lig. collaterale radiale, басталып, шынтақ жіліктің шынтақ жіліктік өсіндісінің артқы бетіне барып бекиді. Қызметі: шынтақ буынын жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет