66) Білектің бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың қызметі. Білектің бұлшықеттері өте көп. Олар бірнеше буынға: шынтақ, кәрі-шынтақ жілік дисталды, кәрі жілік-білезік және қол ұшы буындарына әсер етеді. Бұлшықеттер білекті жан жағынан түгел қоршайды. Бұл бұлшықеттердің бұлшықеттік қарыншасы проксималды, ұзын сіңірлері дисталды орналасқан, сондықтан олардың бағыты қол ұшына қарай жіңішкереді.
Топографиялық орналасуына байланысты білектің бұлшықеттерін алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерге бөледі, олардың әрбіреуі беткей және терең қабатта жатады.
Функциясы бойынша білектің алдыңғы топ бұлшықеттері – бүккіштер және пронаторлар, артқы топ– жазғыштар және супинаторлар.
Бүккіштердің көп бөлігіepicondylus medialis humeri және білектің меншікті шандырынан, жазғыштардың көп бөлігі epicondylis lateralis humeri және білектің меншікті шандырынан басталады.
Білектің алдыңғы топ бұлшықеттері. Беткей қабаты: Иық-кәрі жілік бұлшықеті musculi brachioradialis. Білекті бүгеді және кәрі жілікті пронация және супинация арасында ортаңғы қалыпта ұстайды.
Жұмыр пронатор бұлшықеті musculus pronator teres.Шынтақ буынын бүгіп, білекті ішке қарай бұрады.
Білезіктің кәрі жіліктік бүккіші musculus flexor carpi radialis. Қол ұшын алақандық бүгеді.
Алақанның ұзын бұлшықеті musculus palmaris longus. Алақанның апоневрозын керіп, қол ұшын бүгеді.
Саусақтардың беткей бүккіші musculus flexor digitorum superficialis. II,IV саусақтың ортаңғы бунақтарын және қол ұшын бүгеді.
Білезіктің шынтақ жіліктік бүккіші musculus flexor carpi ulnaris. Қол ұшын бүгеді және әкеледі.
Терең қабаты: Бас бармақтың ұзын бүккіші musculus flexor pollicis longus. Бас бармақтың дисталды бунағын бүгеді.
Саусақтардың терең бүккіші musculus flexor digitorum profundus. Саусақтардың дисталды бунақтарын бүгеді.
Шаршы пронатор бұлшықеті musculus pronator guadratus.Кәрі жілікті айналдырады.
Білектің артқы топ бұлшықеттері. Беткей қабаты: Білезіктің кәрі жіліктік ұзын жазғышы musculus extensor carpi radialis. Қол ұшын жазып, оны әкетеді.
Білезіктің кәрі жіліктік қысқа жазғышы musculus extensor carpi radialis brevis. Қол ұшын жазады.
Саусақтардың жазғышы musculus extensor digitorum. II,IV саусақтарды жазады.
Шынашақтың жазғышы musculus extensor digі minimi. Vсаусақты жазады.
Білезіктің шынтақ жіліктік жазғышы musculus extensor carpi ulnaris. Қол ұшын жазады және оны әкеледі.