1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет75/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Терең қабаты:
Супинатор бұлшықеті musculus supinator. Кәрі жілікті сыртқа айналдырады.
Басбармақтың ұзын әкететін бұлшықеті musculus abductor pollicis longus. Бас бармақты әкетеді.
Басбармақтың қысқа жазғышы musculus extensor pollicis brevis. Басбармақты жазады.
Басбармақтың ұзын жазғышы musculus extensor pollicis longus.Басбармақты жазады.
Сұқсаусақтың жазғышы musculus extensor indicis. II сұқсаусақты жазады.
Білек бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы fascia antebrachii иық бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады. Фасциялық қабықшадан білек сүйектеріне қарай бойлай орналасқан бұлшықет аралық табақшалар septum intermusculare antebrachii мен сүйек аралық жарғақ арқылы, білек бұлшықеттері орналасатын үш қынапты құрайды.

  1. Латеральды қынапта: иық кәріжілік бұлшықеті, жазатын кәріжілік білезік ұзын, қысқа бұлшықеттері, mm.extensor carpi radials longus et brevis орналасады.

  2. Артқы қынапта: саусақтарды жазғыш бұлшықет m.extensor digitorum,шынашақты жазғыш бұлшықет m.extensor digiti minimi,жазғыш шынтақ жілік-білезік бұлшықет m.extensor carpi ulnaris,шынтақ бұлшықеті m.anconeus, супинатор бұлшықеті m.supinator орналасқан.

  3. Алдыңғы қынап: топографиялық орналасуына қарай білектің бүкіл алдыңғы топ бұлшықеттері орналасатын беткей және тереңде орналасқан шағын келген екі қынапқа бөлінеді.

a) беткей қынапта: барлығы дерлік білектің алдыңғы топ бұлшықеттері орналасса,
b) артқы қынапта: саусақтарды бүккіш терең бұлшықет m.flexor digitorum profundusпен саусақты бүккіш ұзын бұлшықет m. flexor pollicis longus орналасса, қалған бұлшықеттер тобы алдыңғы қынапта орналасады.
67) Қол басының бұлшықеттері, олардың қызметі.
Қол басының бұлшықеттері, mm. manus топографиялық орналасуына қарай екі топ бұлшықеттерге: алақандық және қолбасының сыртқы бетінің бұлшықеттеріне бөлінеді.
Алақанның үлкен дөңесінің бұлшықеттері:

  1. Басбармақты алшақтатқыш қысқа бұлшықет, m. abductor pollicis brevis, ол бас бармақтыңүлкен төмпешігінің бүйір қапталында,терінің астында орналасқан.Бұлшықетталшықтары:

a) басбармақты алшақтатқыш ұзын бұлшықеттіңсіңірінен.
ә) білектің фасциялық қабықшасынан.
б) қайықша тәрізді сүйектің төмпешігіненжәне білек бұлшықеттерінің дорзалдық білезігінен, retinaculumextensorum, басталып, басбармақтың проксимальды бақайшығының негізінебарып бекиді. Бұл бұлшықеттің сіңіршесінінтерең қабатында сесама сүйектері кездеседі.
2. Басбармақты игіш қысқа бұлшықет,m. flexor pollicis brevis, ол жоғарыда айтылыпөткен бұлшықеттің ішкі қапталында, терініңастында орналасқан. Бұлшықеттікталшықтары: білек бұлшықеттерінің алдыңғы білезігінең retinaculum flexorum, трапецияжәне трапеция тәрізді сүйектерден және 1-алақансүйегінің негізінен басталады. Төмен бағыттаөтіп, бұлшықет талшықтардың екі басы бөлініп, беткей басы, саput superficialis, латеральды сесама сүйегіне барып бекісе, тереңде орналасқан басы, caput profundum, медиальды және латеральды сесама сүйектеріне және бас бармақтың алақан-бақайшық буынының қапшығына барып бекиді.
3. Бас бармақты шынақай саусағына қарсы қоюшы бұлшықет, m. opponens pollicis. Бұлбұлшықеттіңсыртқы пішіні жалпақтау және үшбұрыштәрізденіп, басбармақты алшақтатқыш қысқабұлшықеттің m. abductorpollicis brevis, астындаорналасқан. Ол трапеция тәрізді сүйегініңтөмпешігінен және білектің алдыңғы топ бұлшықеттерді бүгуші бұлшықеттің алдыңғы білезігінен, retinaculum flexorum, басталып, басбармақтың алақандық сүйегінің сыртқы бетіне барыпбекиді.
4. Басбармақты ішке тартқыш бұлшықет, m. adductor pollicis. Олбасбармақтың үлкентөмпешігін құраушы бұлшықеттердің тереңқабатында орналасқан. Бұл бұлшықеттің қиғашбағытта және көлденең бағытта орналасқан бастары ажыратылады:
a) Қиғаш басы, caput obliguum. Ол алақанның сәуле бағытта орналасқан байламынан бастысүйектен, os capitatum және 2, 3 – алақансүйектерініңалақандық бетінен басталады.
ә) көлденең басы, caput transversum. Ол3 -алақан сүйегінің алақандық бетінен және 2, 3 -алақан сүйегінің басынан басталады. Бұлшықеттік бастары бір-бірімен бұрыш құрапқосылып, бұлшықет қарыншасын құрап, бас бармақтың проксимальды бақайшығының негізіне барып бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет