1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


) Солтүстік ҚазақстандағыБотай мәдениеті



бет3/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

4) Солтүстік ҚазақстандағыБотай мәдениеті.
Жауабы:


Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.
Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.
Ботай мәдениетіэнеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады


5)Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы.
Жауабы:

Біздің жерімізде Қола дәуірі б.з.б. екінші мыңжылдықта басталған.Қазақстанның Қола дәуірі, шамамен б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар: алдыңғы (б.з.б. XVIII-XVI ғғ. ), орта (б.з.б. XV-XII ғғ.) соңғы кезеңдер (б.з.б. XII-VIII ғғ.) аралығын қамтиды.


Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі – Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVІІІ-ХІІ ғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІ ғғ. яғни соңғы Қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.
Қазақстанның Қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х. Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның Қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке – Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: алдыңғысы – Нұра кезеңі; кейінгісі – Атасу кезеңі. Бұл кезеңдер Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Бұл кезде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің атауы Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары:
а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі – дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты циста деп атайды.
ә) Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш қорщау түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Айшуақ кешенінің қоршауы – соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір үлкен зиратқа жерлеген.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс беттері қаратылып қаланған.Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет