1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер



бет4/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

6. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Жауабы:


Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан терри­ториясында орна­ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған[2].Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру­лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді[3].
Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Тамғалы болып саналады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар. Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды.


7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет