47 сұрақ Жәңгір хан тұсындағы қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы. Салқам Жәңгір хан 1643-1652 жылдары Қазақ хандығының ханы еді. Бұл атақты Есім ханның ұлы әрі оның ісін жалғастырушы еді. Жоңғарлармен күрескен қазақтың атақты ханы.
Салқам Жәңгір — атақты Орбұлақ шайқасында басшылық еткен хан.
Салқам Жәңгір ханның тұсындағы тарихи ахуал 1635 жылы Батыр қонтайшысы қуатты мемлекетті — Жоңғар хандығын құрды. Бұл мемлекетке көп ойраттар қосылды. Мемлекеттің негізін құрған жылы қазақтарға шабуылдады. Осы жылы Салқам Жәңгір хан бастаған қазақтармен шайқасып, Салқам Жәңгір ханды тұтқындады. Бірақ батыр ханымыз тұтқыннан қашып кетті.
Салқам Жәңгір хан Жоңғар мемлекетіне қарсы бауырлас мұсылман халықтарымен одақтасуға ниетті болды. Әсіресе өзбектер мен қырғыздармен одақтас болды.
Орбұлақ шайқасы Келесі шабуылды жоңғарлар 1643-1644 жылдары жүргізген еді. 1643 жылдың жазында жоңғар әскерінің келе жатқаның білгеннен кейін, Жәнгір хан аз қолмен, бар жоғы 600 адамнан тұратын жасақпен Орбұлақ өзенінде бекінеді де, келе жатқан жоңғарларға шабуылдайды.
Және Салқам Жәңгір ханға Самарқан билеушісі, ұлты қазақ атақты Жалаңтөс баһадүр 20 мың әскермен көмекке келеді де жоңғарлар толығымен жеңіледі. Жоңғарлардың әскер саны 50 мың еді, 10 мыңы ұрыс аланында қаза болады. Бұл шайқастың зардабы жоңғарларға ауыр тиді. Он жылға жуық уақыт ішінде жоңғарлар қазақ жеріне шабуылдамады. Жоңғар елінде ішкі талас тартыс өрши түсті.
Бірақ Батыр қонтайшы бекер отырмады. Сібірдегі орыс көпестерінен оқ қару алып әскерін қайта жасақтады. Көп дайындалып, 1652 жылы қазақтарға соғыс ашты. Осы жылы елін-жерін жаудан қорғап жүріп бір шайқаста Салқам Жәңгір хан қайтыс болады.
48 сұрақ Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр хан) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті жорықтар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да тараған.Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.
1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданныңшабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698-1703, 1708, 1709-1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Кейбір деректерге сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған.