1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


 сұрақ XVII ғ екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастары



бет35/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

46 сұрақ
XVII ғ екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастары.
Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiрсүрген феодалдық мемлекет. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсiресе XVIII ғасырдың басында күшейе түстi. Сөйтiп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлерi Қазақ хандығының жерiне басып кiрдi. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күштi тойтарыс бердi. Жоңғар әскерлерi 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бiрақ олар қазақ жерiнен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бiтiмi шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасiрет әкелдi.
Қазақ хандығына ең күшті қауіп төндірген жоңғардың феодалдық хандығы еді. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізі жайылымдар үшін талас болатын.
1726 жылы Ордабасы деген жерде Қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Онда қазақтардың біртұтас жасақтарын ұйымдастыру жөнінде маңызы зор шешім қабылданды. Хандар мен билердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша барлық қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды. Қазақтардың жоңғарға қарсы бірлескен күресі 1726 жылы Торғай даласының оңтүстік-шығыс жағындағы Бұланты өзенінің маңындағы «Қалмақ қырылған» шайқасындағы жеңісі болды.
Бұл жеңістің маңызы зор, ол халықтың еңсесін көтеріп, болашақ күреске жігерлендірді.
Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 жыл – Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналыстырылды. 1729 жылғы көктем – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтістігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жсақтардыбасқарып қатысты.
Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінде. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет