1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы



бет37/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт

Жеті жарғы.
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен ақылдаса отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. 
«Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1-жарғы. Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақнекені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.
5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-жарғы. Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
49. XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет,қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып,жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері Қазақстанның байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі болмағандығын аңғарып отыр. Қазақстанның оңтүстік аудандарында отырықшылық егіншілік шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және жартылай халықтар Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті. Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары Сығанақ,Сауран,Түркістан қалаларында болды.Олар көршілес Орта Азия халықтарымен үздіксіз байланыс жасап отырды.


XVII-XVIII ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп,дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл феодалдық талас-тартыстар мен соғыстар кесірінен қаллаар мен егіншілік алқаптар талқандалып,іске жарамсыз болып қалды.Бұл жағдайлар мәдени дамудың да біршама бәсеңдеуіне әкелді.Әсіресе XVII-XVII ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген болатын.
XVIII ғасырларда қазақ мәдениетінде тақырып мен жанры жағынан да алуан түрлі қазақ ауыз әдебиеті кең өрістеді. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің осы қазыналарын дүниеге әкеліп,ғасырдан-ғасырға,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген халық арасынан шыққан талантты ақындар мен жыраулар болды.Таңғайжайып ертегілер,аңыздар,мақал-мәтелдер,қара өлең,айтыс,төрт-түлік мал туралы өлеңдер, жар-жар, беташар,қоштасу,жоқтау,жарапазан,шариғат-өлеңдер, т.б сол ақындар мен жыраулардың айтуымен ел арсында кең таралып,сақталып дамып келді.Ауыз әдебиеті көшпелі ел-тұрмысын,олардың көзқарастарын,ұғымдарын,өмір тәжірбелерін бейнелейді. Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптарға байланысты да көптеген өлең,жырлар пайда болды.
Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құда жол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген. Бұлар ертедегі тотемдік көзқарасқа жатады. Бұл ойындардың арасында ең көп көңіл аударларлық ойын ол “ат шабыс” және “аба қамарғы” ойыны. Бұл ойындарға қатысушыларға құнды сыйлықтар дайындалған. Ең қиын спорттық ойынның түрі алтын-қабақ болды. (алтын тақтайды ату). Мергендер құнды сыйлықтармен марапатталған. Бұдан кейін алтын-қабақ ойыны дамып “күміс тақтай” (жамбы ату) пайда болды. Жаңа жылдың басы Наурызды қазақтар көктем айының бастапқы кезі ретінде тойлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет