1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі



бет3/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
6. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі.
Қола дәуірінде Қазақстан, Батыс Сібір, Оңт Орал өңірлері мен Орта Азияның бір бөлігін өзара туыстас тайпалар мекендеген. Археологтар қола дәуірінің осы мәдениетін ең алғаш 1914 жылы табылған Оңт Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан Андронов қонысына байланысты «Андронов мәдениеті» деп атайды. Ұлан-ғасыр аймақтан табылған археологиялық олжалар Андронов мәдениетінің ерекше белгілерін байқатты. Андронов тайпаларының негізгі кәсібі мал бағу мен егіншілік болған. Олар төрт түліктің барлығын өсірген. Негізгі тағамдары ет пен сүт болды. Өзен-көл жағалауларына орналасқан тайпалар бидай, тары, арпа өсірген,балық аулаған. Андроновтардың баспаналары жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болған.
Археологтар қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын,Орталық Қазақстан аумағын қамтыған Беғазы-Дәндібай мәдениетін ерекше атап өтеді. Мәдениет атауы Беғазы және Дәндібай қоныстарындағы алғашқы зерттелген обаларға байланысты қойылған. Бұл мәдениеттің ескерткіштері 1946 жылдан бастап зерттелді. Осы зерттеулердің басында атақты ғалым, академик, археолог Ә. Марғұлан тұрды. Ә. Марғұлан бастаған экспедиция Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қола дәуірінде өте үлкен аумақты қамтыған Андронов мәдениетінен өз ерекелігі бар екендігін анықтады. Беғазы, Айдарлы,Дәндібай, Бұғылы, Ақсу-Аюлы қорымдарындағы зәулім тас кесенелер әлеуметтік сатыда жоғары тұрған көсемдерге салынған.
7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары:табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
Көшпелілік – көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпеліліктің шығуы, көп жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқа маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат – жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет