1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет211/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   260
КРЕАЦИОНИЗМ 

 
латынш. – «жарату». Құдайдың әлемді ештеңеден 
жаратуы туралы діни доктрина (оны кейбір философиялық ілімдер де 
қолдаған). 
КРИТИЦИЗМ 
— философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән 
ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық 
өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның 
міндеті – ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған 
теорияларды теріске шығару деп пайымдайды. 
КӨЗҚАРАС 
— метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің 
жиынтығы, обьективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін 
қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және 
олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, 
құндылықтық бағыттарының жүйесі. 
КУЛЬТ–ҒИБАДАТ 
(латынш. – күтім, құрметтеу) — ерекше тылсым күшке 
сену бағытында жасалатын қимыл, әдет–ғұрып, салт–жоралар жиынтығы. 


360 
КУМУЛЯТИВИЗМ
(лат.
– 
көбею, шоғырлану) — ғылым, білім дамуы 
жинақталған білімдер жинағына жаңа қағидаттардың біртіндеп қосылуы 
жолымен жүруі. 
КУНСТКАМЕРА
(немісш. – сирек дүние сақтар орын, мұражай) — түрлі 
тарихи, көркем, ғылым – жаратылыс т.б. сирек ұшырасатын коллекциялар 
және оларды сақтайтын орын. 
ҚАБЫЛДАУ 
— материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы 
құрылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік 
бейнесі.
ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІ 
— ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алатын (сақ, 
үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын-Орда, 
Ақ-Орда т.т.), кейін Қазақ-Хандығы уақытында қалыптасқан түркі–соғды, 
түркі–араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына 
енетін этномәдени бірлестік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет