1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Николай Александрович Добролюбов (1836—1861)



Pdf көрінісі
бет45/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

3.Николай Александрович Добролюбов (1836—1861) 
Орыс халқының үлы ойшылы, тамаша сыншысы және публицист, педагог 
Николай Александрович Добролюбов 1836 жылдың 24 январында Нижний 
Новгородта (қазіргі Горький қаласы), священниктің семьясында туды. Ол 
бастапқы білімді үйінде және діни мектептен алды. Діни семинарияда 
орта білім алғаннан кейін, Петербургтегі Бас педагогикалық, институтқа 
түсіп оқиды. 
Н. А. Добролюбов педагогикалық мәселелермен студент кезінде-ақ 
әуестенген, 1856 жылы «Современник» журналында 
оның 
Бас 
педагогикалық институттың тым мүшкіл халін суреттеген мақаласы 


83 
жарық көреді. Н. Г. Чернышевскийдің бағалауынша, бұл мақала 
жұртшылыққа «тамаша әсер етеді». Осы студенттік кезінде «Современник» 
журналына «Тәрбиедегі беделдің мәні туралы» деген әйгілі педагогикалық 
мақаласын жариялайды. 
1857 жылы Н. А. Добролюбов институтты жемісті аяқтасымен, 
«Современник» 
журналының 
редакциясына 
тұрақты 
қызметке 
орналасады, мұнда ол алғашқы күннен бастап өзінің тамаша 
публицистикалық 
мақалалары 
арқылы 
асқан 
іскерлігі 
мен 
дарындылығын байқатады. Бірақ Н. А. Добролюбовтың тым әр салалы 
және жемісті қызметі ұзаққа созылмайды, жастайынан жабысқан өкпе ауруы 
күшейе береді. 1860 жылы шетелге емделуге барады, бірақ дерттің беті 
қайтпайды, 1861 жылы августа Петербургке қайта оралып, осыдан төсек 
тартып жатып қалады да, 1861 жылдың 17 ноябрінде 25 жасында дүние 
салады. 
Н. А. Добролюбов институттан кейін творчестволық, жүмыспен 
төрт жыл шамасындай ғана шұғылдана алды, бірақ орыстың 
революцияшыл демократиялық педагогикасының көсемдерінің бірі 
болған ол осы тым қысқа мерзімнің өзінде бірнеше болашақ ұрпақтардың 
да, өз замандастарының да сүйікті ақылшысы және ұстазы дәрежесіне 
көтерілген еді. Патша үкіметі “ағарту” саясатын және ресми педагогиканы 
сынау 
В. И. Ленин Н. А. Добролюбовтың көзқарасы на терең талдау жасай 
келе, оны самодержавиелік үкіметке қарсы бағытталған халық 
көтерілісін күткен және зорлық-зомбылық атаулыға табанды түрде қарсы 
шыққан жазушы еді дейді. Міне, осындай патша үкіметімен бітіспес 
күресте қалыптасқан Добролюбов либералшыл-буржуазиялық бағыттағы 
педагогтарға қарама-қарсы тәрбиенің саясаттан алшақтауы мүмкін 
еріес, ол саясатпен тығыз байланысты және соған қызмет етуге тиіс деп 
есептеді. Осы тұжырымына сәйкес ол өзінің « Ресейдегі халық ағарту 
министрлігі» деген мақаласында елдегі орын тепкен сословиелік-
крепостниктік тәрбие жүйесін, ресми педагогиканы және оқу 
министрлігінің бюрократиялық-чиновниктік жүмыс әдісін бұлтартпас 
дәлелдерімен қатты әшкерелейді. Н. А. Добролюбовтің дәлелдеуінше, 
үкіметтің халық ағарту саласындағы саясаты еңбекшілердің білімге 
деген құштарлығы мен талабын жаншып, езуге бағытталған. Сондықтан 
да ол мұндай саясатты соғыс деспотизмі деп атайды. Добролюбов 
үкіметтің халықты ағарту мәселелері жөніндегі реформалармен ғана көз 
бояп, алдайтындығын дәлелдейді. 
Материалист Добролюбов ағарту ісі мен білімнің халықтың 
материалдық тұрмые жағдайымен тығыз байланыстылығын көрсетеді, 
әсіресе 
миллиондаған 
шаруалар 
арасындағы 
қараңғылық 
пен 
сауатсыздықтың себебін көрсете келе, ол былай деді: 
«Бір үзім нан үшін, 
түрлі салықтарын өтеу үшін күн сайын жүмыс істеуге мэжбүр болған 
шаруаның кітапқа қол созбайтыны түсінікті, оның басқа да қажеттірек 
мұқтаждары бар, соларын ойлауы тиіс»
'. 


84 
¥лы революцияшыл-демократ Добролюбов шаруа балалары мектеп 
біліміне, ақыл-ой әрекеттеріне қабілетсіз келеді деген екі жүзді теріс 
пікірлерге арсы шыға отырып, шаруа балаларының арасында қабілетті де, 
онымен бірге ынталы да балалар жеткілікті деген тұжырым айтады. 
Осындай дәлелді әрі орынды тұжырымдармен бірге, Н. А. Добролюбов 
революцияшыл-демократиялық педагогика тұрғысынан Ресейдегі ағарту 
және білім беру жүйесін түп-кілікті өзгерту және қайта құрудың жолдары 
жөнінен құнды пікірлер ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет