1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Ақыл –ой тәрбиесі және оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет47/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Ақыл –ой тәрбиесі және оқыту әдістері 
Н. А. Добролюбов білім мен тәрбие жөнінен мақсаттарды көздейтін 
оқуы әрі салалы, мазмүнды мектеп жаңа дидактика мен

әдістерге сүйене 
жұмыс істеуге тиіс деп есептеді. 
Дидактика мен әдістерден оның талап еткендері білімді мейлінше 
ойлана-толғана меңгеруге жағдайлар жасау, нәрсе, зат жөнінен дұрыс 
үғымдар мен түсініктер қалыптастыру үшін ғылыми қорытындылар мен 
ережелерді мысалдармен бекіту, оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуға 
жағдайлар жасау, оқудың балалар үшін тартымды және қызықты құрылуын 
қамтамасыз ету. 
Добролюбов әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін 
дамыту үшін әр салалы және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар 
жазғызуды, өздігінше кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялар 
үйымдастыруды қолдайды. 
Оқу материалын баяндауда Добролюбов мүғалімнің тілінің жатық, 
пікірлерінің айқын, қорытындылар мен ережелерінің дәлелді болуын талап 
етті. Осы мәселелерге байланысты ол: 
«Ғылымның әрбір мэселесі мысалдар 
арқылы. Берілсін әрбір ұғым елестеулер тораптары. арқылы айтылсын, 
әрбір қорытынды талдаулар арқылы берілсін»
,— дейді. 
Добролюбов көзқарасының бір ерекшелігі — ол педагогиканың өте нәзік, 
ерекше көңіл аудара зерттеуді талап ететін мәселелерін ұсынады. 
Қай заманда болсын, педагогтар үшін өте күрделі мәселенің бірі — 
мектептерде кездесетін «баяу түсінетін шәкірттер» жөніндегі проблема 
болып саналады. Н. А. Добролюбов — оеы «баяу түсінетін шәкірттермен» 
жұмыс жүргізуді әдейі зерттеген педагог. 
«Әдетте,
— дейді Добролюбов,— 
мектептің өзі кінәлы болып отырса да «баяу түсінетін шәкірттер» түк 
ұқпайтын топас, қабілетсіз оқушылар тобына қоса салынады, «артықша 
ауырлық ретінде шетке шығарылып тасталады» 
Ал шынында мұндай 
шәкірттердің өзі өте ұқыпты және мұғалімдер мен тәрбиешілер тарапынан 
мұқият назар аударуды керек етеді. 
Баланың ішкі рухани сырына жете түсіне білген Добролюбовтың 
ойынша осы топтағы балалардың ішкі дүниесінде рухани күштер емін-
еркін жарыққа шыға алмай жасырын жатады, сондықтан мүғалімдер мен 
тәрбиешілер мұндай шәкірттерді «жалқау», «мисыз, топас» деп 
жазғыра бермей, олармен шыдамды түрде педагогикалық жұмыс 
жүргізе білуі тиіс. Балалардың мұндай тобымен жұмыс жүргізудегі ең 
қажетті бір шарт — оқу материалына оқушылардың ықыласы мен ынтасын 
тудырып 
отыру. 
«Ынтамен 
жұмые 
істейтін 
болса,
— 
деген 
Добролюбов,— 
онда жұмыс анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады» . 
Осы мәселелерге байланысты оқу процесінде баланың ойлауына, сезіміне
елестеулеріне әсер ету жөніндегі берілетін білім материалдарының 


86 
көрнекі, нақтылы және түсінікті болуы жөніндегі Добролюбов ойларының 
педагогикалық зор мәні болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет