1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет44/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Адамгершілік тәрбиесі.
Н. Г. Чернышевский жас өспірімдерге
болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін 
қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет 


82 
деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді 
іспен байланыстыра білу, кіші пейілділік, әдептілік т. б. 
Патриотизм, Чернышевскийдің көрсетуінше, адамгершіліктің басқа 
бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі 
адамгершілікті керек етеді дей отыра, Чернышевский гуманизмді теріс 
ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам 
айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сезімімен қарауы, 
қайырымды болуы, зиянды әрекеттер мен істерге қарсы шығуы, адам 
баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне 
келіспес, мейрімсіз күрес жүргізе білуі тиіс. Ол жастарға М. В. 
Ломоносов пен Н. В. Гоголь патриотизмін үлгі етті. 
«Саяси экономияның негіздері», «Н. А. Добролюбов», «Гоголь 
дәуірінің очерктері...» деген және тағы басқа шығармаларында Н. Г. 
Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы, адамның өмір сүру 
шарты, адамның пайдалы істері мен әрекеті — кең мағынадағы еңбек деп 
есептеді. Сондықтан жастар табанды түрде еңбекке, жалпыға пайдалы 
жұмысқа тәрбиеленуі, оны сүйе білуі тиіс. Болашақ қоғамның барлық 
мүшесі өз әлдеріне қарай еңбекке араласады дей отыра, «Не істеу кереіс?» 
романында («Вера Павловнаның төртінші түсі») болашақ қоғамдағы ерікті 
де сергек еңбекті суреттейді. Чернышевскийдің ойынша, мектептің басты 
міндеті — оқушыларды еңбекті құрметтей білуге және оның дағдыларын 
үйрете білуге тиіс, бұл тек сөз арқылы иландырумен бітпейді, қайта балалар 
әр түрлі еңбек салаларына тікелей араласуы керек. 
Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін 
қолдайды. Ол сапалы оқудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті. 
Чернышевский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік мұғалімге 
жүктеледі деп есептеді, сондықтан мұғалімнің педагогикалық қызметі мен 
ңоғамдық орнына ерекше мән берді. «Саяси экономияның очерктері» деген 
еңбегінде мүғалімді өз халқы мен Отанына қызмет етуші қайраткер деп 
бағалады. 
Ғылыми және идеялық мазмұны жағынан Н. Т. Чернышевскийдің 
педагогикалық көзқарасы, педагогика туралы Маркске дейінгі ойшылдар 
айтқан пікірлердің ең құндысы болып табылады. Педагогика мен ағарту 
ісіндегі реакцияшыл көзқарастарға қарсы күресте оның көзқарасы 
Россияның прогрессившіл күштерінің тамаша құралы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет