1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Лев Николаевич Толстойдың (1828—1910) -педагогикалық қызметі



Pdf көрінісі
бет50/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

4.Лев Николаевич Толстойдың (1828—1910) -педагогикалық қызметі 
мен көзқарасы 
В. И. Ленин бірнеше еңбегінде Л. Н. Толстойдың қөзқарасына және 
қызметіне дұрыс баға берді, оның көзқарасының дұрыс және кертартпа 


88 
жақтарын ашып көрсетті. Толстойдың 
дүниеге көзқарасындағы 
қайшылықтар XIX ғасырдың аяғындағы Ресейдің қоғамдық өміріндегі 
қайшылыңтардың көрінісі деп көрсетті. Көркем сөздің асқан шебері, 
ірі ойшыл Л. Н. Толстой Россияда ескі феодалдық қоғам ыдырап, жаңа 
капиталистік қоғам дами бастаған кезде өмір сүрді. 
Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардың мүддесін 
жоқтады, помещиктік-буржуазиялық тәртіпке қарсы болды, сол дәуірдегі 
қоғамдық мекемелердің (шіркеу, сот, буржуазиялық ғылым, неке) 
жалғандығын әшкереледі. Бірақ осыған қарсы күресудің орнына, ол соған 
көнуге шақырды. 
Өз шығармаларында Л. Н. Толстойдың сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті 
сынауын, оның шығармаларын жоғары бағалаумен бірге, В. И. Ленин 
оның әлеуметтік көзқарасының утопиялық екенін және мазмұны 
жағынан реакциялың екенін баса айтты. Л. Н. Толстойдың көзқарасының 
артта қалған кертартпа жақтарын көрсете келе, В. И. Ленин оның әдеби 
мұрасының сол дәуірде және кейін де өте құнды жақтары бар екенін 
дәлелдеді. В. И. Лениннің Л. Н. Толстойға берген бұл бағасының 
жазушының педагогикалық мұрасына да тікелей қатысы бар. 
Педагогика, оқыту және тәрбиелеу мәселелері Л. Н. Толстойдың 
теориялық және практикалық қызметіндіе үлкен орын алады. XIX 
ғасырдың 60-жылдарында Ресейде өріс алған қоғамдық педагогикалық 
қозғалыстың әсерімен Л. Н. Толстой халыққа білім беру саласында 
шұғылданды. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп 
ашып, мүғалімдер шақырып, бүл мектепте өзі де сабақ берді. Оның 
инициативасымен сол маңда бірсыпыра бастауыш селолық мектептер 
ашылды. 
1861—1862 жылдары Л. Н. Толстой шетелдерде болды, Франция, 
Италия, Бельгия, Англия және Германиядағы көптеген мектептердің 
жұмысымен танысты. Шетелдер мектептерінің (әсіресе Германия) негізгі 
кемшіліктерін (формализм, балаларға еркіндіктің берілмеуі және т. б.) 
атап көрсетті. Өзі ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде балаларға 
толық еркіндік берілді, оларда гуманистік көзқарас болуын
оқушылардың творчестволық күшіне сену керектігін, балалардың білімге 
деген құштарлығын қолдап отыруды, сабақты қызғылықты, түсінікті түрде 
жүргізу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ясная Поляна мектебінде балалар 
мектепке келуде, сабақ оқуда зор белсенділік көрсетті, өздерін еркін ұстап, 
біліммен нәтижелі түрде қаруланды. 
Бұл, мектептің жұмыс тәжірибесін тарату мақсатымен, «Ясная Поляна» 
атты педагогикалық журнал шығарды. Журналдың бірінші санында 
Ясная Поляна мектебінің жұмысы туралы жазды. 
1872 жылы Л. Н. Толстой жазған «Азбука», 1875 жылы «Жаңа азбука» 
және 4 оқу кітабы басылып шықты. Осы жылдарда ол бастауыш білім 
берудің методикасымен шұғылданды. 
Кейінірек Л. Н. Толстойдың мектепке көзқарасы мүлде өзгерді, 1874 
жылы жазған «Халық ағарту туралы» деген мақаласында халық мектебіне 


89 
артта қалған шаруалар тұрғысынан қарады. Дипломды мүғалімі бар земство 
мектептерін ол артық деп есептеді. Діни адамдар, әскерден қайтқан солдаттар 
хат тануға үйрететін шаруа мектептері де жеткілікті деп санады. Жеті айда 
шаруа балаларын орыс және славян тілінде хат тануға, санай білуге және 
дін сабағына үйретсе, соның өзі де жеткілікті, арнаулы мектеп салудың 
қажеті жоқ, сарайда немесе кезекпен шаруалардың үйлерінде оқыта беруге де 
болады деді. 
Бірақ Л. Н. Толстой оқытудағы формализмге қарсы шықты
 
ты, оқытудың көрнекілігін жақтады. 
XIX ғасырдың 70-жылдарында Л. Н. Толстой Ясна Поляна мектебінде 
қайтадан сабақ бере бастады. Шаруалар мектебіне мұғалімдер даярлайтын 
семинарияның жобасын жасады. Бірақ оны ашуға үкімет ат салыспады. 
Л. 
Н. 
Толстой 
елдегі 
мектептің, 
әсіресе 
селолық 
жердегі 
мектептің жетімсіздігін ашып көрсетті...
Л..Н. Толстой сол дәуірдегі педагогиканы және орыс, шетел 
мектептерін батыл сынады. Ол сол дәуірдегі мектепте орнаған қатаң 
тәртіпті, оқытудағы формализмді және оқытудың жаттауға негізделуін 
ашып көрсетті. Мектепте балалардың еркін болуын жақтады. Бұл 
мәселеде ол асыра сілтеуге де барды. Балалардың мектепке келуі 
келмеуіне, мектепте қанша уақыт болуына толық ерік беруді 
насихаттады. 
Сол дәуірдегі мектептегі қатаң тәртіпке қарсы күресу үстінде Л. Н. 
Толстойдың балаларға деген сүйіспеншілігі айқын көрінді. Л. Н. Толстой 
балаларды қызықтыра білді, оларды өз бетімен еркін ойлауға үйретті. 
Ол мұғалімдік қызметті өте ұнатты, оған барынша беріліп, көп ізденді, әр 
мектептің педагогикалық лаборатория болуын талап етті. 1861—1862 
жылдардағы Л. Н. Толстой ашқан Ясная Поляна мектебі шын мәнінде 
осындай педагогикалық лаборатория болатын. Бұл мектепте сабақ 
мүғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі ретінде жүргізілді. Мектепте 
оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабағы, орыс тарихынан 
әңгімелер, арифметика, география мен жаратылыстан алғашқы 
мәліметтер, сурет және ән үйретілді. Жаратылыс, география және тарихтан 
мәліметтер орыс тілі сабағында көркем әңгіме ретінде берілді. 
Бұл мектепте оқу жоспары, оқытудың программасы және сабақтың 
тұрақты кестесі болмады. Әр аптаға жаңа сабақ кестесі белгіленді және оның 
орындалуы міндетті болмады. Үйге тапсырма берілмеді, оқылған сабақты 
ертеңіне сүрап пысықтау жүргізілмеді. Күн сайын сабаққа міндетті түрде 
келу талап етілмеді. Осыған қарамастан, балалар сабаққа күн сайын келіп, 
мектептен үйге қайтуға ешқашан асықпады. Мектепте жазалау деген атымен 
болмады.
Ясная Поляна мектебінің өте бағалы жақтары (балаларды қызықтыру, 
олардың белсенділігін арттыру, балаларға қамқорлықпен қарау, мұғалімдер 
мен оқушылардың өзара түсінісуі, материалды көркем әңгіме ретінде 
түсіндіру) болды. Ясная Поляна мектебінің бүл табыстары Л. Н. 
Толстойдың өте зор білімі мен педагогтың шеберлігіне байланысты еді. 


90 
Мектеп жүмысында ірі кемшіліктер де (жүйелі білім беруді бағаламау, 
міндетті оқу жоспары мен программаның және міндетті сабақ кестесінің, 
баланы тәртіпке, жинақты болуға үйрететін режимнің болмауы) орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет