1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Константин Дмитриевич Ушинский бойынша мектепке дейінгі



Pdf көрінісі
бет74/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101
3. Константин Дмитриевич Ушинский бойынша мектепке дейінгі 
тәрбиелеудің негізгі теориясы 
К.Д.Ушинскийдің ойынша, мектепке дейінгі балалардың негізгі қасиеті 
қоршаған ортаны тануға талпыну және өз-өзімен белгілі бір іс-әрекетпен 
айналысу барысында тәрбиешісі немесе ата-анасы міндетті түрде оны 
мадақтау, мақтау керек, ебін тауып басқарып, белгілі бір іс-әрекетпен 
айналысу кезінде көп күш-қуатын жұмсамауын қадағалап, мектептен тыс 
жеңілдік бермеуі керек, бұл баланың бойына жалқаулық пен пассивті іс-
әрекет әкелуіне тікелей әсер етеді. 
К.Д.Ушинский өзінің назарын тәрбиелік, білімділік мәні бар ойындарға 
аударды. Ол балаларға арнап қызықты ойындар теориясын енгізіп, оны 
ғылыми-психологиялық мәліметтер арқылы дәлелдеді. Оның ойынша, 
мектепке дейінгі жастағы баланың псхикалық өмірінде елес немесе қиял 
үлкен роль атқарады, себебі ол баланың білімі, біліктілігі, логикалық ойлау 
қабілетінің, тәжірибесінің аз болуымен байланысты. 
Ушинскийдің айтуынша, баланың қиялы үлкен адамға қарағанда кедей, 
әлсіз болып табылады. Бала қиялының қозғалысы – ұшып бара жатқан 
қыранның емес, көбелектің іс-әрекетіне ұқсайды. 
Баланың белгілі бір іс-әрекетті шынайы түрде елестету негізінде 
психологиялық ойынның негізі қалыптасады. 
Бала ойын іс-әрекетінде, оның ізі өте терең өміріне еніп, ал нағыз өмірдің 
ізі терең енбейді. 
К.Д.Ушинский бала ойындарының мазмұнына ортаның әсер етуін атады, 
себебі белгілі бір орта баланың ойындық іс-әрекетіне материал береді. Бала 
жасының өсуімен тәжірибенің, ақыл-ойының өзгеруінің нәтижесінде 
ойындар мазмұны да өзгереді. Баланың ойын барысында уайымдауы, 
мазасыздануы бір жола есінен кетпейді, ол кейін болашақта адамның жүріс-
тұрысына, мінез-құлқына әсер етеді. 
Ушинскийдің айтуынша: «Қоғамдық ойындаға көп қатынасатын 
балаларда 
қоғамдық 
қарым-қатынастардың 
алғашқы 
ассоциациясы 
қалыптасады». 
К.Д.Ушинскийдің Фребельден айырмашылығы, ол балалардың ойын 
барысында тәрбиенің арласуына қарсы болды. Оның айтуынша, ойын жеке 
баланың еркін іс-әрекеті, ол балаға жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер 
етеді. 


129 
«Ойын – бұл балалардың еркін іс-әрекеті... Оның негізінде адам 
жанының, тәжінің барлық жақтары ақыл-ойы, жүрегі, оның еріктілігі 
қалыптасады». Тәрбиенің міндеті ойын өткізу үшін материалды дайындау 
және бұл ойын тәрбиелеудің мақсатына жетуіне қадағалайды. Балабақшада 
балалар ойынының уақыты, жасы бойынша белгіленуі керек: бала кішкентай 
болса, онда оның көп уақытының бөлігін ойын ойнаумен өткізуі керек. 
К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиелік жұмысын 
жүргізу барысында ұлттық ойындарды өткізу керек деп есептеді. «Ол 
педагогтарды ұлттық ойындарды жинауға шақырды. Ол: ұлттық ойындарға 
көп назар аудару, бұл бай көздерді қолданып, болашақта педагогиканың 
негізгі мақсаты – тәрбиелеу мақсатын жақсарту, ұйымдастыру». Бұл 
Ушинскийдің өсиетін орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары,кеңес 
педагогтары ескерді. Ушинскийдің айтуынша, ойындардың үлкен тәрбиелік 
мәні бар. Балалар қозғалмайтын ойындарды жақсы көрмейді, себебі балалар 
ойыншықтарды өзгерте алмайды. Балалар өздерінің ойыншықтарын жақсы 
көреді, егер жаңа қуыршақты балаға берсе, ол қандай әдемі болса да, ол 
баланың жақсы көретін ойыншығы болмайды, ол бәрібір де бұрынғы 
ойыншығын жақсы көреді. 
Ушинскийдің балалар ойынының теориясы тек орыстың ғана емес, 
сонымен әлемдік педагогиканың аса мол қазынасы. Ол діни-мистикалық 
ағымнан, Фребельдің анықтамасынан бөлек. Ол ойындардың әлеуметтік 
мінездемесін көрсетіп, аса бай ойындардың өткізу әдістеме жинақтарын 
енгізді. 
Балаларды тәрбиелеу барысында Ушинский табиғатқа көп көңіл бөлді. 
Ол адамдарды тәрбиеге аса ауқатты әсер ету агенттердің ролін атқарады. 
Қоршаған ортадағы табиғат құбылыстары бала ойынына әсер етті. Туған 
елінің табиғатын бақылып және зерттеуі, оның патриотизм сезіміне, 
эстетикалық тәрбиесіне әсер етті. Ерте жастан балаға табиғатты аялауға 
үйрету керек. 
Эстетикалық тәрбиені мектепке дейінгі балаларда адамгершілік 
тәрбиесімен тікелей байланыстырды. Балалар сезімін басқару барысында кері 
әсер етпей, баланың айналасындағы заттарды педагогикалық эстетикалық 
талапқа сай әшекейлеу, әдемілеу керек. «Әшекейлеңдер, - деді Ушинский – 
бөлмені әдемі заттармен, бірақ бұл әдемілік балаға сай болуы керек ». 
Ушинский ән айтуды эстетикалық тәрбие ретінде жоғары бағалады
олардың өмірін жаңартады және оларды бір коллектив ретінде 
ұйымдастыруға көмектеседі. 
Баланың жалпы ақыл-ойының дамуы мен эстетикалық тәрбиесіне сурет 
салу әсер етеді деп санады. Ол эстетикалық жағынан тәрбиелеп, Отандық, 
ұлттық әдеби шығармаларды сүюге оң әсер етті. 
60 жылдары Ресейдің жағдайын ескере отырып, орта таптар балаларын 
балабақшаларға әлі бере алмайды, тек байлардың балалары ғана тәрбиеленді. 
Балабақшада балалар құрдастарымен ойнауға, бір-біріне көмектесуге, 
тәртіпке, сөйлеу өнерінің мәнеріне үйренеді. 


130 
К.Д.Ушинский балабақшада тәрбиелеу жұмысын жақсарту үшін 
қаулылар берді. Балабақшадағы балаларды отыратын ойындармен 
жалықтырмау керек, дидактикалық ойындарды ойнату керек, өз-өзімен 
ойнауға көп уақыт беру керек, себебі оның ойлау қабілеті дамиды деп 
тұжырымдады. 
Баланы алдын-ала оқыту, оған кері әсер береді. Баланы алдын-ала оқыту 
оның миын шаршатады, кейін білімге деген құлшынысы болмай, өзінің іс-
әрекетіне сенімсіздік енгізеді. Оны 2 топқа бөлуге болады: 
1.
7 жастан бастап әдістемелік жүйені меңгерту, оқыту 
2.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды алдын-ала оқыту. 
Оның ойынша, тәрбиеші әрқашан халық ортасынан шығуы керек, 
адамгершілік қасиеті мол, жан-жақты, өзін және қоршаған ортадағы 
балаларды сүю керек, оларға үлгі болып, әрбір жеке баланың психологиялық 
дамуын зерттеп, индивидуалды түрде баламен тіл табыса білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет