1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Ұлы Отан соғысы кезіндегі совет мектебі, педагогикасы, мектепке



Pdf көрінісі
бет84/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101
2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі совет мектебі, педагогикасы, мектепке 
дейінгі тәрбиесі. 
Ұлы Отан соғысы кезінде біздің еліміз зор шығынға ұшырады. Көптеген 
мәдени мекемелер, мектептер және мектепке дейінгі мекемелер қиратылды. 
Басқыншылар 82 мың мектепті талқандады, бұл мектептерде 15 млн. балалар 
оқыды. 
Фашистердің 
алдын 
ала 
дайындалған 
программасында 
совет 
мектептерінің жүйесін жою және тәрбие жұмысын толық түбірімен өзгерту 
болды.
Германияның СССР-ге шабуыл жасамай тұрып, СССР-дің «мектептердің 
саясатын» өзгерту алдын-ала қаралды: шығыс аудандарындағы неміс емес 
халықтарға мектептердің ашылуына тыйым салынды. Оларға 4 сыныптық 
мектеп жарайды делінді. Бұл мектепте тек қол қоюға, оңай есеп шығаруға, 
500 дейін сан білуге және немістердің алдында тілалғыш, көнббіш болуға 
үйрету көзделді. Соғыстың алғашқы жылдары совет мектептерінің ұстаздары 
мен оқушылары Отанын қорғауға қатысты, олар тылда Отаны үшін жанын 
беретінін, қаһармандығын, бостандығын көрсетті. Көптеген белгілі жастар 
ұйымдастырған ұйымдар, мысалы, «Қызыл гвардия» ұйымы, өлімнен 
қорықпай, фашистермен соғыс жүргізді. 


145 
Партизан жасақтарында 10 мыңнан астам ұстаздар мен жастар майданға 
қатысты. Белорусияда партизан жолақтарында 70 мың мұғалімдер және 30 
мың қатысушылар болды. Бірақ уақытша басқыншылар басып алған 
жерлерде Украина, Белоруссия, Брянск, Псков аудандарында мектептер совет 
мектептерінің программасы бойынша жұмыс істеді. 
Бірақ әскери және экономикалық жағдайға қарамастан, комунистік 
партия мен совет үкіметі мектеп пен тәрбиелеу мекемелерін қарап, көмек 
беріп отырды. 
Көптеген сұрақтар пайда болды, негізгі себібі жұмыс талаптарының 
төмендеуі – бөлмелердің, кітаптардың жетіспеуі. Соғыс басталғаннан кейін 
ер мұғалімдердің көбін әскери қызметке шақырды. 1941 жылы әскерге 
Белорусиядан 10 мың, грузиядан 7 мың мұғалімдер шақырылды. Соғыс
кезінде 
мектептердің 
көбі 
әскери-шақыру 
пунктеріне, 
казармаға, 
ауруханаларға айналды. 
Ұйымдастыру жоспарында бірнеше шаралар жасалынды: мектептің 
ұзақтығы 35-40 м қысқарды, үзіліс 5 м болды. 
Негізгі көңілін мемлекет пен партиялар шығыс аудандарында ата-анадан 
айрылған балаларға назар аударды. Оларды қамқорлыққа, тәрбиелеуге, 
оқытуға алды. 
1942 жылдың басында СССР-де халық камиссариятының советінде 
арнайы бағдарлама панасыз, қамқорлықсыз қалған балаларды тексеруге 
инспекторларды тағайындады, балабақшалармен байланыс жасалды, яғни 
үлкен жасөспірімдерді тұрғызды. 
Балаларды қорғауға бүкіл ел атсалысты. Мемлекеттің көмегі – жетім 
балаларды асырауға берді. Ташкенттің бір өзінде 643 отбасы жетім 
балаларды тәрбиеге алды, ал Совет үкіметінің мыңдаған отбасылары да дәл 
осылай жасады. Өзбекстанның өзінде 100 мыңнан астам ата-анадан айрылған 
балалар тәрбие мен күтім берді. Балалардың денсаулығын жақсарту мен 
қорғау негізінде бірнеше шаралар жүйесі ұйымдастырылды, балалар 
асханасы ашылды, жазда көптеген пионерлік лагерлер және балалар ауласы 
ашылды. 1941 жылы мемлекет үкімі бойынша жазда 2 млн 500 мың бала 
мектепке дейін және мектеп жасындағы балалар әртүрлі формада 
ұйымдастырылған лагерлерде демалды. 
Совет үкіметінің органдарында балаларды жалпы оқыту мәселесі 
қаралды. СССР батыс аудандарында 600 мектептің 63 мың оқушылары мен 
ұстаздары эвакуацияланды. Тек бір Челябинск облысында облысында 42 
мектеп жұмыс істеді, онда эстон тілінде оқытылатын мектептер болды, 
Қырғызстанда балалар үйі ашылды, 14 балабақша, 18 мектепте поляк тілі 
оқытылды. Балаларға арналып тәрбиелік білімі бар мекемелер ашылды. 
«Правда» газеттерінде былай деп жазылды: «Біз әскери ауыр уақытқа 
қарамай, бүкіл балаларды жақсы оқытуымыз керек». 
Қоршалған қалаларда балалармен сабақ жүргізіліп отырды. Мәскеуде 8-9 
сыныптың эвакуцияланбаған оқушыларға арнап арнайы кеңес пунктері 
жұмыс істеді. 


146 
Бүкіл жасөспірімдерді оқыту барысында, 1943 жылы жұмысшыларға 
арнап кешке мектеп ашылды, 1944 жылы аудандық жерлерде осындай 
мектептер болды. 
1943 жылы желтоқсанда СНК бағдарламада балаларды жалпы оқыту 7 
жастан басталды. Жалпы барлық балаларды оқыту үшін мемлекет мектептер 
мен 
мұғалімдермен 
қастамасыздандыруды 
қолға 
алды. 
Мектепке 
мұғалімдерді қайта қайтарды, олардың көбі мамандығы бойынша жұмыс 
істемеді, квалификациясы бар мұғалімдердің жұмыстары ауырлады, сырттай 
педагогикалық жүйесін дамыту үшін арнайы шешім қабылдады, қысқа 
мерзімдік курстар енгізілді. 
Мемлекет пен партия ұстаздарды қамқорлыққа алып, оларды материалды 
жағынан қамтамасыздандыруға көшті. Оларды азық-түлікпен, өндірістік 
товарлармен қамтамасыз етті. Адам аз райондарда ұстаздарды ең бірінші 
қамтамасыз етті. 1943 жылы мемлекет ұстаздардың жалақысын көтеру 
шешімін қабылдады.1941 жылы СССР-дың президиумның жоғары советінің 
шешімі бойынша 5 мың мұғалімдер және басқа да халыққа білім беру 
орталығы жұмыс істеді. Балаларды оқыту мен ордерлер берді.
Соғыс кезінде мектептің оқу–тәрбиелік жұмысына бірнеше өзгерістер 
енгізді. Әртүрлі мектеп пәндеріне әскери-қорғаныс тақырыбы негізінде: 
физика курсында қазіргі әскери технология оқытылды, химия курсында – 
улы заттар мен олардың қорғану бөлімі, географияда – план және карта кең 
көлемін зерттеді, мұнда үлкен назар карта бойынша жүруге көңіл бөлінді, 
орыс және шетел тілдері оқытылды. 1941-1942 жылдары оқу жылында ауыл 
шаруашылығын оқытудың негізі қаланды. Тарих пен әдебиет оқытылуында 
отансүйгіштікке көп көңіл бөлді. Тарих сабағында бұрынғы халқымыздың 
батырлығы, қаһармандығы қаралды. 
1943 жылы августте СНКРСФСР бойынша тәрбиелік мәні бар жұмысын 
жақсарту үшін «Қатысушыларға ереже» атты шешімінде, педагогиканың, 
ата-аналардың мектеп ішінде және мектептен тыс жерлерде өздерін 
мәдениетті ұстау ережесі қабылданды. Ережелер мектептегі тәрбие 
жұмысының оңтайлы жүруіне ықпал етті. 
Мектеп жұмыстарының нәтижелігін жоғарылату үшін цифрлық – 5 
баллдық жүйе кіргізілді (1944 жылы ақпан айында) және СНК СССР-дың 
шешімі «мектепке оқытудың санасын жоғарылату» қабылданды. Соңғы 
шешімге мыналар енгізілді:
1.
Емтихандарды тапсыру, бастапқы және толық емес орта 
мектептерді. 
2.
Өте жақсы оқитын студенттерді алтын және күміс белгілермен, 
орденмен марапаттады. 
Осындай қиын кезеңде СССР-де ғылыми зерттеу жұмыстары педагогика 
сферасында тоқтатылған жоқ. Тәрбиелік-білімділік мәні бар жұмыстарда 
теорирялық және әджістемелік сұрақтар дайындалды, сонымен қатар үлкен 
назар білімге, патриотизмге, еңбектік және интернационалдық тәрбиеге көңіл 
бөлінді. Ал А.С.Макаренко педагогикалық зерттеумен айналысты. 


147 
1943 
жылы 
Совет 
үкіметінің 
шешімі 
бойынша 
педагогика 
ғылымдарының академиясы ұйымдастырылды. Мұнда педагогика және 
психология аймағын басқару және зерттеу жұмыстарын қадағалау, совет 
мектептерінің кейінгі уақытта дамыту және нығайту мәселесі қаралды. Бұл 
академия жоғары квалификациясы бар жұмысшыларды біріктірді. Мектепке 
дейінгі тәрбиелеу секторын А.П.Усованың басқаруымен АПН РСФСР 
мекеме жүйесіне енгізілді, кейін жеке ғылыми мекеме – мектепке дейінгі 
тәрбиелеу институты (1960) болып аталды. 
Ұлы Отан соғысы кезінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу 
жұмысы ауырлады. Көптеген мектеп жысына дейінгі балаларға арналған 
мекемелерді басқыншылар қиратты және әйел азаматтардың көбі өндірісте 
жұмыс істеуінің нәтижесінде мемлекет балабақша мен бөбекжайларды қажет 
етті. Жаңа мектепке дейінгі мекемелер көбінесе эвакуацияланған 
кәсіпорындарда ашылды. Мұнда балалардың болу мерзімі ұзарды, кең 
ауқымды тәулік бойы балаларды қалдыруға мүмкіндік болды. Тәрбиелеу 
мекемелерінде жаңа тип пайда болды – мектепке дейінгі интернаттар, ал онда 
ата-аналар мен балалар уақытша байланысын үзді. Мектеп жасына дейінгі 
балалар үйі кең ауқымда болды. 
Басқыншылар басып алған жерлерде мектепке дейінгі мекемелер қиын 
талаптарға сай жұмыс істеді. Мұнда тәрбиешілер мен балалар уақыттарын 
көп бөлігін бомбадан қашу үшін әртүрлі баспаналарда болды. 
Өте ауыр уақыттардың өзінде де мемлекет балалардың денсаулығын 
қадағалады. 1943 жылы үкіметтің шешімі бойынша арнайы санаториялық 
балабақша құрылды, мұнда денсаулығы әлсіз балалар 3-6 айға дейін болды. 
Балаларды 
азық-түлікпен, 
медициналық 
көмекпен 
тәулік 
бойы 
қамтамасыздандырылды., бұл балабақшалардың негізгі мақсаты балалардың 
денсаулығын жақсарту және қадағалау болды. 
Уақытша басқыншылар басын алған территорияларды босатқан соң, ең 
алдымен қиратылған балалар мекемелерін қолға алып, қайта қалпына 
келтіруге тырысты. Бұл шараға көптеген балабақша қызметкерлері мен совет 
қоғамы ат салысты. Черкастық қозғалыс кең таралды. 1943 жылы совет 
әскерлері басқыншылардан Сталинград қаласын жеңіл алғаннан кейін, бұл 
қаланың мектепке дейінгі мекеменің қызметкерлері А.М.Черкасова және 
А.Ф.Семилетова қаланы қайта қалпына келтіруге бүкіл халықты шақырды
бірінші 
орында 
балалар 
мекемелерін 
қолға 
алуға 
шақырды. 
Черкасовшылардың қозғалысының нәтижесінде педагогтар мен халықтар 
мыңдаған балалар мекемелерін қайта қалпына келтірді. 
1944 жылы СНК СССр-дың нұсқауы бойынша «Балалар мекемелерінің 
байланысын кеңейту және балалар мен әйелдердің медициналық , 
материалдық жақсарту» шешімі қабылданды. Бұл нұсқауда көптеген 
мектепке дейінгі мекемелер, мысалы, бөбекжай, балабақшалар, балалар 
үйінің материалдық жағдайы жақсарды және әртүрлі комплексті шаралар 
ұйымдастырылды. 
1944 жылы СССР-дың жоғары советтің үкімі «Аяғы ауыр аналарға, 
жалғыз басты немесе көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан 


148 
жәрдемақыны жоғарылату» шешімі қабылданды. Бұл нұсқауда бала мен ана 
құқығын қорғау, «Батыл ана», «Даңқты ана» атты орденмен немесе белгімен 
марапаттауды жөн көрді. 
Мемлекеттің 
көптеген 
комплекстік 
шаралардың 
қорытындысы 
юбойынша, соғыстың аяқталу мерзімінде мектепке дейінгі мекемелердің 
саны біршама өсті. Мектепке дейінгі мекемелерде баланың физикалық 
дамуына, тәрбиелеу барысында патриотизмге, интернационализмге және 
отансүйгіштікке көп көңіл бөлінді. 
Теориялық және әдәстемелік сұрақтардың негізінде тәрбиелеудің 
ғылыми-практикалық конференциялық негізі қаланды. 1941-1945 жылы 
аралығында мектепке дейінгі тәрбиелеудің практикасы мен теориясының 
әртүрлі сұрағына байланысты 16 конференция өткізілді. 
1944 жылы желтоқсанда қабылданған «Балалар бақшасндағы нұсқаулар» 
атты үкімде балабақшаның негізгі іс-әрекетінің сұрақтарын жіктеп және 
соғыстан кейінгі жылдары мектепке дейінгі жылдары мектепке дейінгі 
тәрбиелеу жұмыстарына аса назар аударды. Мұнда аса үлкен зерттеме 
әртүрлі жастағы балаларға арналған программалық және методологиялық 
нұсқамалар, бұл практикалық жұмыстың жақсаруына тікелей әсер етті. 
Соғыстан кейін жаңа нұсқамаларды қолдану нәтижесінде, СССР-де 
мектепке дейінгі тәрбиелеудің теориясы және методологиясы нығайды. 
Ұлы Отан соғысы кезінде совет үкіметінің оқыту және тәрбиелеу жүйесі 
бүкіл қиындықтардан адал өтті және гумандық өмірлік мінездемесін басынан 
өткерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет