166
педагогикасының классигі К. Д. Ушинскийдің және басқа орыс
прогресшіл педагогтарының идеялары қазақ халқының ағартушы
қайраткерлері шоқан Уәлихановтың (1835-1865), Ыбырай Алтынсариннің
(1841-1889), Абай Құнанбаевтың (1845-1904) дүниеге көзқарасының
қалыптасуына әсерін тигізді.
Мектептерде бірыңғай оқулықтар болған жоқ, мысалы, Сырдария,
Жетісу облыстарының мектептері С.Н.Граменицкий жазған оқу
құралдары бойыншаоқытты. Училищелердің оқу жабдықтары өте
жеткіліксіз болды.
Өмірге аса қажетті білім беретін мектеп құруда аса көп
қиыншылықтардың кездесуіне қарамастан, қазақ даласында халық ағарту
ісі аздап болса да ілгерілей берді. Қалың қазақ арасына білім тарату
көптеген еңбек еткен орыс ориенталистері көп болды. Оның ішінде А.
Е.Алекторовты, В.В.Катаринскийді, А.В. Васильевті және тағы басқаларын
атап көрсетуге болады.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай
бастаған Шоқан, Ыбырай,Абайлар да сол дәуірдің – қазақ даласына
орыстың озық әдебиеті мен мәдениеті ізгі әсерін жая бастаған дәірдің-
жемісі болды. Өткен ғасырда Қазақстандағы қоғамдық ой- пікірлердің
даму тарихы, негізінен алғанда, осы есімдермен байланысты.
Қазақстандағы ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында
негізінен қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік- саяси,
философиялық және этикалық көзқарастарымен қоян-қолтық,өзекті
байланыста дамып жатты.
Достарыңызбен бөлісу: