1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Абай Құнанбаев (1845-1904)



Pdf көрінісі
бет95/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   101
5.Абай Құнанбаев (1845-1904) 
Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, 
сонымен бірге ұлы ойшылы. 
Абай қазақ халқы дамуындағы прогресстің халық ағарту ісін кеңінен
өрестетуге байланысты екендігін өте дұрыс түсіндірді. Ол қазақ халқының
саяси және экономикалық және мәдени артта қалушы- оның феодалдық
және патриархалдық қатынасынан рулық талас-тартыстары орын алған
көшпелі тұрмысынан туып отырған бытыраңқылығының салдары екенін
жақсы түсінді. 
Алайда Абайдың саяси -қоғамдық көзқарасының белгілі дәрежеде
сол өзі өмір сүрген қоғамдық дәуірде қатынастары мен көзқарастарының
дәрежесінен шыға алмаған кездері де болды. Ол тарихты идеалистік


172 
тұрғыдан түсінушіліктен арыла алмады. Сөйтіп ол қоғамды өзгертуде
халық ағарту ісінің ролін аса бағалады.Ол кездегі әлі мешеу Ресей
шындығында, әсіресе мешеу Қазақстан жағдайында, Абай елді
революциялық жолмен қайта құруға болатын қоғамдық күшті тани
алмады. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көрді, бірақ сол күрестің
мәнін дұрыс түсінбеді. 
Өзінің көптеген шығармаларында Абай өз халқының ауыр тұрмысын 
және надандығын мінеп- шенейді. Тек өзінің қарын қамын, яғни тән
қажеттігін ойлап қана, рухани қажеттілігін ойламайтындарға, біруді
алдап, біреуді арбап күн көрушілерге,өзінің жағымпаздылығы мен ұлық 
алдында көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. 
Ата-ананың надандығы мен қараңғылығын айта келіп Абай солардың
өз баласына дұрыс тәрбие беретініне шүбәланады. Ол осындай ата-
аналады:» … бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оғанда мұнша қорлық
көрсетуге неге құмар болдың»- деп сөгеді. Қайыршылықтан , 
теңсіздіктен және надандықтан құтылу үшін Абай өз халқын біліммен
қаруландвыруға, алдыңғы қатарлы халықтардың мәдениетін қабылдап,
балаларын сол мәдениетке келуіне шақырды. Өз шығанмаларының басым
көпшілігінде- поэзиясындада ғаклия сөздерінде де Абай қазақ халқын
білімге, мәдениетке шақырды.»Жан құмары дүние де немене екен?»- 
дейді де, білмекке құмарлық - деп жауап береді. 
Халық ағарту ісін оның материалдық тұрмыс жағдайын жақсартумен
байланыстыра отырып, Абай біздің көз алдымызға халықтың рухани
қажеттілігін оның материалдық қажеттілігінен бөліп қарайтын қиялшыл, 
утопист ретінде емес, материалист ретінде көрініп отырады. 
Абай өзінің 40 жасқа келгенде жазған жасымда ғылым бар деп 
ескермедім дейтін өлеңінде жас кезінде ғылымның пайдасын көре- тұра
ескермей, ал ер жеткен соң ғылым қолына түспей, мезгілінен кешігіп
қалғанындығына өкініш білдіреді. 
Тек орыс тілін оқып үйренгеннен кейін ғана, орыстың жер
аударылып келген прогресшіл пікірдегі адамдарымен танысып, солардың
көмегі арқасында классмкалық көркем әдебиетті, жаратылыстық – 
ғылыми, тарихи- философиялық прогресшіл демократиялық әдебиеттерді
орыс тілінде оқиды. 
Ол орысша тек өзі ғана оқып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің
балаларын орысша оқуға берді.Абай қазақ балаларының интернатты
мектептерде оқып жүргеніне қатты қуанды Жастардың пайда табу үшін
емес ар үшін терең білім алу үшін тырысуды талап етті. 
Шын білім кітапта, оны оқып үйрен, әскери шеңге қызықпа,
жаныңның оты сөнбесін десең, уездік начальникке жағынуға тырыспа,
ғылымның жолы, сонда да өзіңнің адал еңбегімен оқып білім ал, адал
бол, әділетті жаақта деп үйретеді Абай. 
Абай жастарды орыс ғылымын және мәдениетін, техникасы дүниенің, 
табиғат сырының кілті екендігін, оны меңгерген адмға өмір сүру оңайрақ


173 
түсетіндігін әлденеше рет айтады, жақсылықты, адал еңбегімен өмір
сүруді орыс халқынан үйрену керек дейді. 
Мектептің жалпы білім және тәрбие берудің маңызын ескере
отырып, Абай жас буынға мектепте жүйелі білім беру қажеттігін
мойындады. Ол тәрбие мен білім берудің жас буын адам етіп
қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығын жақсы түсінді. 
Абай оқыту ісіндегі схолостикалық әдіске құрғақ жаттығуға қарсы
болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Таяқ тәртібінің орнына, саналы
тәртіптің болуын жақтады. 
Ғылымға шын құмартып, аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі
деп санады. 
Оқыту жұмысы нәтижелі, әрі пайдалы болу үшін Абай орыстың ұлы
педагогы К.Д.Ушинскиий айтқандай, балаларды әуелі ана тілде оқытуды 
оларға шын ғылыми білімдер беруді, содан кейін барып шетел тілдеріне 
үйретуге көшуді ұсынды. 
Абай ғылымды үйрену тек пайда көзі деп қарауға қарсы болды. Ол
балаларға әуелі олардың ақыл-ойын, дүниетанымы мен мәдениетін
дамытарлық жалпы білімдер беру қажет деп есептеді. 
Абай оқыту процесінде ақыл- ойды дамыту керек екендігін, онсыз 
білім алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен қиялдауды
дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең
танып білуге мүмкіндік берді. Ақылды адам заттар мен құбылыстардың
сырын ашып, одан дұрыс ой қорытындыларын жасай алады. 
Білім алуға ең зиянды нәрсенің бірі- салақтық, пайымсыздық, онымен
аяусыз күрес жүргізу керек. Ол салақтық адамды жалқауландыра
береді.Көзднген мақсатына жету үшін барлық күш- жігерін
топтастырмайды. Сондықтан адм өзінің « Білім сақтайтын сауыты» болып
табылатын өз еркін тәрбиелеуі тиіс. Тек еркі мықты, берік, ерік мінезді
адам білім жолында зор табыстарға жете алады. 
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік, өтірік, өсек,
надандық, қазақ халқын аздырып бара жатқанын, үміт артып отырған
жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетінін көре отырып, 
халықты, әсіресе жастардв ы адамгершілікке тәрбиелеуді ашық
ұсынды.Бұл идея оның тіпті кез- келген шығармасында байқалып
отырады деуге болады. 
Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, адамгершілік
қасиеттке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. 
Надан адамды Абай ақылы саяз, біреудің ақылымен, біреудің
айтқанымен жүретін ойсыз, бейшар адам деп аснады. Осындайлардың
арам ниеті, мінездерін көргенде, қаным қайнайды деді ол. Алайда мұндай
ақымақтар, мінезіңді түзе, білім ал деген адамдар қашады. Лоар
білімсіздік, ойсыздық- ұлт емес.Өсек тасу біреудің сыртынан жауығып тас
ату, орынсыз мақтану - міне олардың кәсібі.


174 
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қол өнерін, егіншілік және
білім алуды, оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен
шұғылдансын деді. 
Абай өзінің ең басты міндеті- халыққа қызмет ету деп түсінді, ол
жастарға өзінің еліне және халқына зор махабатпен қарауды талап етті. 
Абайдың гуманизмі оның интернационализмімен тығыз байланысты. 
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен жанұядағы,
мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге
көзқарасын және мінезін қалыптастыруда жанұлның ролі зор екенін 
ескере отырып, Абай балаларды тәрбиелеу үшін ата- аналардың өздері
жақсы тәрбиеленген блоуы керек екендігін ескертті. 
Жастарды тәрбиелеуде Абай әдебиеттің, әсіресе поэзияның ролі күшті
деп атап көрсетті. 
Поэзия халықтың ойы мен мұң- мұқтажын білдіреді, ол адам
писхологиясын бейнелейді. Ол тек адамның ақыл- ойы мен сезімін ғана
білдіріп қоймайды, сонымен бірге оларға да әсер ете алады. 
Көркем сөздің, музыканың тәрбиелік мәніне тоқтала келіп, Абай
айналасындағыларды өзінің тамаша өлеңдерімен, ғаклия сөздерімен және
орыс классиктерімен аударған шығармаларымен тәрбиелеп қана қойған
жоқ сонымен бірге өлең жазды. 
Ұлы ақын қараңғы түнде жарық жұлдыз тәрізді, надандыққа, түнекке
және мәдениетсіздікке қарсы болды. Бірақ патриархалдықтың, тағылық, 
мешеуліктің ғасырлар бойына келе жатқан надандық дәстүрін жеңу 
жалғыз- жарым адамның қолынан келмейтіні белгілі. Сонда да ол сепкен
ұрық текке кетпейді. 
Арманы- ұлы орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы достық
қатанасты күшейту, қазақ жастарын орыс тіліне, орыс мәдениетіне
үйрету, жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу болған ұлы ағартушы
ақынның бұл сөздерінің маңызы бүгінгі біздің заманымызда да айрықша
зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет