1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Тәрбиенің мақсаттары 
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық
 
педагогикалық қозғалыстың 
ықпалымен Н. Г. Чернышевский орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский 
бастаған ағарту ісінің прогресшіл қайраткерлерінің жалпыға бірдей білім 
беру талаптарын қолдады. Бірақ ол бұл сияқты талаптардың шеңбері тар 
екендігін 
керсетті. 
Чернышевскийдің 
дәлелдеуінше, 
халықтың 
материалдық хал-жағдайын түбірінен жақсартпайынша, халық саяси 
билікке ие болмайынша, оның оқып білім алуына берілген қандай право 
болса да іс жүзіне аспайтын бос қиял ғана болып қалады. 
Өзінің «Земледельческая газета» және «Июль монархия сы» 
мақалаларында бостандық пен ағарту ісінің бір-бірінен бөлінбестей 
байланыстылығын көрсетті, халық саяси өкімет билігін өз қолына алмай, 
ағарту жүйесі нағыз халықтық болмайтынын жете көре білді. 
«Саяси 
билік, материалдиқ әл-ауқат және білімділік 
— 
осы үш нәрсе бір-бірімен 
тығыз байланысты,
— деп жазды ол,— 
кімде-кім қайыршылықта күнелтсе, 
ол өзінің ой-өрісін дамыта алмайды, ал ой-өрісі тар адам билікті өз өмірінің 
пайдасына жұмсай алмайды. Саяси билікті пайдалаңа алмайтын адам 
езгіден, демек, қайыршылықтан, надандықтан арыла алмайды» .
Революционер Чернышевский халық ағарту ісін түбірлі қайта 
құрудың басты жолы — халық революциясы деп білді. Бұл мәселеде ол 
интернационалдық бағытта болды: ағарту ісіндегі ұлттық тежеушілікке 
қарсы шықты, білімді бүкіл халыққа жеткізу жолындағы күрес тек орыс 
халқының ғана ісі емес, өзге халықтардың да, бүкіл дүние жүзі адамдарының 
борышы деп есептеді. Осы мәселеге байланысты Чернышевский әр 
халықтың ана тілінде оқуын табанды түрде жақтады. 
Н. Г. Чернышевский тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен 
міндеттерін де революцияшыл-демократтық тұрғыдан шешті. Оның 
ойынша, тәрбиенің мақсаты — қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес 
адамын, революционерді тәрбиелеу, халық, мүддесін ойлайтын 
«азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу. 
Тәрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың 
аса маңызды қасиеттерінің бірі — отанға және өз халқына деген 
сүйіспеншілік деп есегітеді. 
«Әрбір орыс адамының тарихи маңызы оның 
отанға еткен еңбегімен, оның адамгершілік азаматтығы 
— 
оның 
патриоттық күшімен өлшенеді»,
— деп жазды. Ол бұл образды өзінің атақты 
«Не істеу керек?» романындағы кейіпкер Рахметов арқылы береді.
Сөйтіп, Чернышевскийдің педагогикалық принципінде: бүкіл 
жаңаның жеңіп шығуы жолындағы күресшілерді тәрбиелеу, жаңа қоғам 
күресшілеріне қажет қасиеттерді тәрбиелеу талаптары болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет