Тәрбиенің рөлі мен мәні Чернышевский өз заманында кең талқыланып жатқан қоғамдық-
педагогикалық мәселелерге араласты, соның бірі — адамның қалыптасуына
әсер ететін негізгі факторлар жөнінен айтқан ойлары. Бұл мәселеге ол саяси
мән берді, себебі үстем тап ойшылдары адамның қалыптасуын алдын ала
туғаннан белгілеп, адамның кім болары баланың нәсіліне байланысты
деген теріс ойлар тарататын. Бұл пікір сол кездегі орыс крепостной
шаруаларының ауыр халінің, сауатсыздығының, мәдениетсіздігінің шын
себептерін жасырып бүркемелеуге бағытталған еді.
Чернышевскийдің
көрсетуінше,
адамның
рухани
бейнесін
сипаттайтын мінез-құлқының, адамгершілігінің, басқа да қасиеттерінің
өзгешелігі оның тұқымынан емес, адамның еңбегі мен өшр жағдайлары және
тәрбиенің әсерінен болады. Оның «Ғылыми ұғымдар очерктері» еңбегінде әр
мамандықтағы адамдардың, мысалы; жер өңдеушілердің, ақсүйектердің,
қолөнершілердің
түсінігіндегі,
мінез-құлқындағы
және
әдетіндегі
өзгешеліктер тумыстан біткен өзгешеліктер емес, олардың қоғамда алатын
орнына, еңбегі мен тұрмыс жағдайларына және тәрбиесіне байланысты деп
есептеген.
Батыс Европаның социалист-утопистері көрсеткендей, Чернышевский
адамды өз айналасын қоршаған дүние мен тәрбиенің дәрменсіз нәтижесі
демеген, революционер болғандықтан, ол адам өзі өмір сүріп отырған
ортасына, жағдайына белсенді араласуы тиіс, ұнамсыз ортамен күресуі керек
деген. Міне, осылайша Н. Г. Чернышевский тәрбиені адамның
қалыптасуындағы негізгі факторлардың бірі деп дәлелдеп, оның ролі мен
маңызын анықтауда көп ілгері тұрды. Бірақ Чернышевский де кейде
тәрбиенің ролі мен мүмкіншілігін асыра бағалады.
Тәрбиенің маңызы жөніндегі мәселемен тығыз байланысты түрде
Чернышевский самодержавиелік крепостнойлық құрылыс жағдайындағы
Ресейдегі тәрбиені, үкіметтің «ағарту» саясатын негізінен сынап өтті. Өзінің
«Ырымшылдық және логика ерөжелері» деген мақаласында елдің
қараңғылығы мен сауатсыздығын сипаттады:
«Россия империясында тұрушы 65 немесе 70 миллион тұрғыннан 5 миллиондай оқи білетін адамдар бар деп есептеледі, бұл цифрдің өзі де артығымен алынған болар» ',— деп
қайғыра жазды. Көп мақалаларында ол мектептердің мүшкіл халін
суреттейді:
«Мектеп тәрбиесінде Ресейде де, Батыста да тоқыраушылық орын алған. Мұнан 300 жыл бұрынғыдай мектепте оқыту әдістері де төмен, баланың өз бетінше ойлауы түбірінен жойылған . Осы
80
көзқарастарынан кейін Чернышевский мектептің ағарту ісінің бұл жағдайы
жаңаша ойластырылған негізде өзгеруі тиіс деген қорытындыға келеді.