77
Дәріс №7. Тақырыбы: XIX ғасырдың 60 жылдарындағы
революцияшыл демократиялық педагогика
Жоспар:
1.
XIX ғасырдың 60 жылдарындағы революцияшыл демократиялық
педагогиканың маңызы және өкілдері
2.
Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889)
3.
Николай Александрович Добролюбов (1836—1861)
4.
Лев
Николаевич Толстойдың (1828—1910) -педагогикалық
қызметі мен көзқарасы
1. XIX ғасырдың 60 жылдарындағы революцияшыл демократиялық
педагогиканың маңызы және өкілдері
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі саяси, экономикалық және
мәдени өрлеудің нәтижесінде елде қоғамдық – педагогикалық қозғалыс өріс
алған болатын. Бұл қозғалыста ағарту мен педагогика мәселелері жөнінен ең
алдыңғы қатарлы идеялық бағытты ұстаған- орыстың революцияшыл-
демократиялық педагогикасының негізін қалаушылыр Н.Г. Чернышевский
мен Н.А. Добролюбов еді. Бұлар ең алдымен патша үкіметі мектептерінің оқу
-тәрбие ісіне терең талдау жасап, оның кемшіліктерін сынауды принципті
және саяси мәселе дәрежесіне көтере білді.
Революцияшыл-
демократиялық
педагогиканың
өкілдері
өз
топшылауларында Ресейдегі ағарту ісінің даму бағытын ойластыра келе,
халық ағарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі
халық революциясына тәуелді екендігін дәлелдеді. Демек, олардың саяси
қоғамдық талаптарындағы сияқты, педагогикалық ойларының мазмұнында
да таптық талаптар жатты.
Сонымен қатар революцияшыл - демократтар тәрбие алдына әлеуметтік
мәнді міндеттер мен мақсаттар қойды: олар қоғамдық істер мен әрекеттерге
бейімделген азаматтарға, қанаушы тапқа күрес дайын тұратын, социализм
үшін күресе білетін, қысқасы, табанды ерлер мен революционерлер ұрпағын
даярлауды талап етті. Сонымен Н.Г. Чернышевский мен Н.А. Добролюбов
сол дәуірдегі орыс педагогикасының дамуында ең өмірлік те, өзекті де
болған мәселе халық ағарту ісінің қайта құрылуы революцияға байланысты
екендігін және тәрбиенің ревлюцияшыл- демократиялық мақсаттары
жөніндегі мәселелерді жаңаша қарастырып, жаңаша шешті.
Бұл
табанды
революцияшыл-демократтардың
педагогикалық
көзқарасы сондықтан да Ресейдің сол тарихи дәуіріндегі алдыңғы
қатарлы мүғалімдер мен жастарға күшті әсерін тигізді, олар өздерінің
қатыгез реакцияға қарсы күрестерінде осы көзқарасқа арқа сүйеді.
Достарыңызбен бөлісу: