1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Оқудың мазмұны мен әдістері



Pdf көрінісі
бет43/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Оқудың мазмұны мен әдістері 
Н. Г. Чернышевский жан-жақты жетілген жасөспірімдер тәрбиесін
жүргізудегі шешуші жол жалпы білім беру, ал оны оқытьп, үйрететін, 


81 
онымен қаруландыратын орын мектеп деп есептеді. Ол халық мектептерін 
дамыту ісіне аса зор маңыз берді. 
Чернышевскийдің зер сала көңіл бөлген мәселесі — осы мектепте 
берілетін білімнің көлемі мен бағыты жөніндегі мәселе еді. Ол осы кезде 
орыстың белгілі педагогы Н. И. Пироговтың «Өмір мәселелері» деген 
мақаласында негізделген мектепте алдымен жалпы білім беру жөніндегі 
ойларын қолдайды. 
Жалпы білім Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның болашақ 
мамандықтарына негіз болады. Жан-жақты жетілдіруді көздейтін жалпы 
біліммен қаруландырмайынша, адамды білімді және маман деп түсінуге 
болмайды деді ол. Әрбір адам өзіне тән өмір саласының арнаулы жолына 
түсуіне қарамастан, жалпы білім оның болашағының мызғымайтын 
негізі болатындығын көрегендікпен дәлелдеп шықты. «Александр 
Сергеевич Пушкин...» деген еңбегінде жалпы біліммен қаруланған білімді 
адамды суреттейді: 
«Ол 
— 
кең көлемді білімді, ойлауға машықтанған, 
сезімтал адам».
Білімнің бағыты жөнінде ойластыра келе, Чернышевский табиғат 
және қоғам туралы, яғни ғылыми жаратылыс және қоғамдық, білімдер 
беруді талап етті. Материалист болуына байланысты Чернышевский 
жаратылыстану ғылымын аса жоғары бағалады. Бүл ғылымды ол айналасын 
қоршаған дүние туралы адамда дұрыс көзқарас қалыптастыратын, ескі 
наным, сенімдермен күресу құралы деп есептеді. Сөйткенмен де 
Чернышевский саяси-қоғамдық көзқарастарды қалыптастыратын ана тілінің, 
әдебиеттің, тарихтың маңызын да жоғары бағалап отырды. 
Жаңадан құрылатын мектеп, Чернышевскийдің көрсетуінше, жаңа 
дидактикалық негізде, ескі мектептің әдістерінен басқа, жаңа оқыту 
әдістерімен жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру, оқыту әдістері мен 
тәсілдері оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, 
олардың рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дұрыс ой-
пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуге тиіс деп есептеді. Материалдық 
көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың 
ерекшеліктерін, олардың ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң еске алуды, 
материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап отыруды, 
мазмұндауда да, анықтамаларда қорытындылар мен тұжырымдардың анық та 
дәл айтылуын талап етті. Сондай-ақ шәкірттердің ойлай білуін 
дамытудың және де өздігінше білім алатын дағдыларын егудің маңызды 
қүралы ретінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз 
берді. 
Чернышевский әсіресе мүғалімнің сабақтағы баяндауы мен әңгімесіне 
баса назар аударды, сабақтың тартымды формада, қарапайым да ұғымды, көп 
сөзді болмай, орынды дәлелдер, айқын мысалдар, анық деректер 
келтіріліп жүргізілуін талап етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет