1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Адамгершілік тәрбиесі 
Революцияшыл демократ Добролюбов өзінің шілік педагогикалық 
пікірлерінде букіл халықтың қамы үшін, жалпы істің тағдыры үшін 
азаматтық борыш болып есептелінетін жоғары адамгершіліктің үстем 
болуын арман етті. 
Оның түсінігі бойынша жаңа мектеп тәрбиелейтін жоғары 
адамгершілік қасиеттерге: отанға, еңбекке деген сүйіспеншілік, ортақ іс 
жолындағы күреске деген тұрақтылық пен табандылық жатады. 
Добролюбов «Шын патриотизмге» жат, халықтар мен елдер арасында 
араздық пен ала ауыздылық тудыратын жалған патриотизмге қарсы 
бітіспес күрес жүргізді. Сонымен бірге ол даурықпа, жалаң фразаларға 
әуестердің тобын да жете сынады. Ол өзінің жалған патриоттармен күре-
сінде: 
«Бізге жүректі қиялдармен ғана баса толтыратъін даурықпалар, 
мылжыңдар керек емес, бізге ақыл мен сөздің ерлері, ескішілдікке 
қарсылар, қоғамдық әділетсіздіктерге қарсы бетпе-бет, жан қиярлъқ 
күреске қатысушылар керек»,
— деген. 
Н. А. Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің ма-ңыздылығын 
көрсете келе, гуманизмнің мазмұнын өте терең және әр салалы түсіндіреді, 
бұл тәрбиенің міндеті — адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену, ортақ 
тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде 
жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану. Сонымен бірге, 
гуманизм ел мен халық жауларына қарсы бітіспес күресті талап етеді. 
Н. А. Добролюбовтың көзқарасында адамгершілікке тәрбиелеудің 
жолдары мен әдістері жөнінде де құнды пікірлер бар. Нағыз шын 
адамгершілік қасиеттер мен сапалар қалың халықтың ішінде, халықпен біте 
қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен 
талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп 
адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен, оның 
өмірімен өте тығыз байланысты болуы тиіс, халықтан нәр және әсер алып 
отыруы тиіс. 
Добролюбов 
өзінің 
жеке 
басы арқылы 
адамгершілігі 
күшті 
қайраткерлердің үлгісін көрсетті. Н. Г. Чернышевскийдің және (өзінің 
жақын жолдастарының дәлелдеуінше, Добролюбовтың бейнесінде асқан 
адалдыңқ 
революцияшыл-демократтарға 
тән 
табандылық, 
алға 
ұмтылушылық және мақсат қоюшылық қасиеттері басым еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет