1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет49/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Оқушылар тәртібі 
Добролюбов мектептегі тәртіп мәселесі жөнінде теориялық ірі мәселелер 
көтере білді. Ол сол замандағы мектеп тәртібінің бағытын елдегі үстем саяси 
режим — крепостнойлық қүрылыс белгілеп отырғандығын, сондықтан да 
мектептерде бала психикасына зиянды әсер ететін, айуандық әдістерді 
қоздыратын таяқ тәртібінің үстемдігін баса айтқан. 
Тәртіптілікке баулумен тығыз байланысты түрде Добролюбов сол 
заманда орыс қоғамының алдыңғы қатарлы тобы, әсіресе прогрессившіл 


87 
педагогтардың назар аударған күрделі бір педагогикалық мәселеге 
тәрбиедегі беделдің роліне кеңірек тоқтайды. Осы мәселеге арнап 
«Тәрбиедегі беделдің мәні туралы» деген еңбегін жазады. 
Добролюбов сол замандағы орыс өміріне терең талдау жасай келе, 
тәрбиеде бір зиянды бағыттың орын алып отырғандығын ескертеді, ол 
беделдің алдында орынсыз бас ие берушіліктің басымдылығы, кез келген 
беделге сөзсіз жүгіне, бой ұсынушылықтың үстем болып отырғаны. 
Әрине, Добролюбов алғы ұрпақтың, ересектердің кейінгі жас ұрпаққа 
өнеге көрсетіп, ұнамды әсер етуі қажет екенін, бірақ ол ескіріп, шіріген 
крепостнойлықты келешек үшін идеал етуге болмайтынын ашып айтады. 
Сонымен бірге осы мақаласында ол бедел атаулының бәріне орынсыз, ретсіз 
жүгіне беру салдарынан біздің жастарымыз өмірге ешқандай даярлықсыз, 
рухани жағынан дәрменсіз болып қалыптасатындығын дәлелдеген еді. 
Добролюбов тәрбие орындары мен тәрбиешілерден адамның 
табиғатын бағалай "білуді, адамның ішкі адамгершілік қасиеттерін 
жаншып езбей, оны дамытып, жетілдіруді, балаларды саналы түрде өз 
бетінше әрекет етуге дағдыландыруды талап етті. 
Біз,
— деп жазды ол,— 
тәрбиеде саналы ұғым үстем болғанын тілейміз, ол саналы үғым тек 
мұғалімге ғана түсінікті болып қоймаи, онымен бірге баланың өзіне де анық 
болсын»
'. 
Тәртіптілікке тәрбиелеуде де Добролюбов осы мәселе жөніндегі сол кезде 
орыс педагогикасында орын алған либералшыл педагогтардың көзқарасына 
қарсы күреседі. Мектепке ұрып-соғу жазасын енгізу жөніндегі 
либералшыл педагог Н. И. Пироговтың пікірлеріне қарсы, 1860 жылы 
өзінің «Дүремен қиратылған бүкіл Ресейдің иллюзиялар» деген еткіртілді 
мақаласын жазып, осы мәселедегі Пироговтың либералшылдығын 
әшкереледі. 
Н. А. Добролюбов мүғалімнің ұстаздық ролін, педагогикалық 
мамандықты өте жоғары бағалады. Ол педагогикалық мамандық тым ауыр, 
күрделі және жауапты деп ескерте отыра, мұғалімге жоғары талаптар 
ұсынды. 
«Иә,
— деп жазды Добролюбов,— 
шын мэнісіндегі мұғалім болу 
үшін, бұл сөздің толық игілікті мәнісін анықтау үшін өте көп нәрсе керек». 
Мұғалім оның ойынша, бз ісіне әр саладан жан-жақты білімі бар маман 
болуы қажет, бүкіл қызметі мен мінезінде адамгершілік жағынан адал және 
халқына мүлтіксіз қызмет ете білетіндей болуға тиіс. 
Соньшен, Н. А. Добролюбов өзінің тым қысқа өмірінде сан алуан саяси, 
қоғамдық, философиялық және әдеби мәселелер-мен шұғылдануына 
қарамастан, отандық педагогикаға да зор үлес қосып, бай мұра қалдырды. 
Педагогикалық 
мәселелерді 
сөз 
еткенде 
Добролюбов 
бала 
психологиясына, тәрбие мен оқытудың сан алуан саласын терең 
білетіндігін және осы мәселелерге жетік екендігін дәлелдеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет