1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Тәрбиенің міндеттері мен мақсаттары



Pdf көрінісі
бет46/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Тәрбиенің міндеттері мен мақсаттары 
Н.А. Добролюбов революцияшыл демократиялық педагогиканың 
талаптары түрғысынан елдегі ағарту ісінің түпкілікті өзгеруі Ресейдің 
крепостниктік 
«тәртібін» 
революцияшыл 
жолмен 
талқандауға 
байланысты деп есептеген. Ол «Қоғамда саналылық орнау үшін, шын білім 
таралуы үшін не керек? деп сұрақ қояды да, бүл сұраққа: 
«Қоғамдық қарым- 
қатынасты өзгерту керек!» 
деген революцияшыл ұранмен жауап 
қайтарады. Демек, Добролюбов Чернышевскиймен бірге ха лықты 
революцияға шақырды, халықты «балтамен» қаруланған табанды күреске 
шақырды. Міне, сөйтіп, орыстың революцияшыл демократтары халық 
ағарту ісінің негізінен қайта құрылуын кең салалы саяси- қоғамдық 
талаптармен байланыстырған еді. 
Н. А. Добролюбовтың революцияшыл демократиялық педагогика 
тұрғысынан топшылауынша, халық революциясының жеңуі нәтижесінде 
қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің негізінде білім берудің 
демократизм, гуманизм және ғылымдық принциптері болуы тиіс. Дәлірек 
айтқанда, біріншіден, жынысына, сословиесіне, үлттық ерекшеліктеріне 
және ата-аналардың ауқаттылығына қарамастан, білім алуға әрбір азаматтық 
праволы болуы, екіншіден, білім беру ісі мен тәрбиені үйымдастыруда 
тиісті дәрежеде әрбір баланың жеке басын қадірлеу, табиғи ерекшеліктерін 
ескеру, оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту, 
үшіншіден, білім мен тәрбиені мазмұны мен бағыты жағынан ғылыми негізде 
құру. Осындай принциптерде қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің 
негізгі үйымдастырушы кіндігі, орталығы — халық мектебі. Бүл жаңа халық 
мектебінің міндеті — ақыл-ой, дене және адамгершілік жағынан әр салалы 
жетілген, қоғамдық істерге саналы түрде біте қайнаса араласатын, 
 
табанды 
күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды әзірлеу. Міне, Н. А. 
Добролюбов халық ағарту жүйесі мен халық мектебінің жаңа 
революцияшыл демократиялық міндеттерін осылай анықтаған болатын. 
Мұндай зор міндеттерді белгілеуде Добролюбов, тек сол кезеңдегі дәуір 
талабын ғана ескермей, алдағы келешекке көз жібереді, себебі,— деп 
көрсетті ол,— бала жаңа жағдайда өмір сүруге әзірленуде, ал ол жағдай оның 
тәрбиешісі білім алған 20—30 жыл бұрынғыдай болмайды. 
Мектеп, Добролюбовтың түсіндіруінше, алдымен білім немесе ақыл-ой 
тәрбиесін береді: оқушылар қоғам және табиғат жөніндегі білімдермен әр 
тарапты қаруланады, осының нәтижесінде олар өздерінің өмірдегі орнын 
белгілейді, ескі әдет-ғұрып пен салт-саналарға қарсы күреске әзірленеді. 


85 
Сондықтан Добролюбов мектепте балаларды тым ерте мамандандыруға 
қарсы болған, ғылым негіздерімен қаруландыратын жалпы білім беретін 
мектепті жақтаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет