1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Оқыту туралы 
Л.Н. Толстой мектеп пен мұғалімнің оқу жұмысын ұйымдастырудағы 
міндеті барлық балалардың сабаққа үлгіруін қамтамасыз ету деп есептеді. Ол 
үшін оқу материалы қызғылықты және түсінікті түрде берілу керек және 
балалардың жеке көңіл күйі материалды жақсы қабылдайтындай 
дәрежеде болу керек деп санады. 
Сыныпта балаларды алаңдататын, үйреншіксіз, басы артық нәрселердің 
болмауын талап етті, мүғалім мен оқушылардың арасында еркін қарым-
қатынас болуын, балалардың мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап 
отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке даяр болуын қажет деп есептеді. 
Л. Н. Толстой оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: 
балаларға қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, 
артық нәрселерді айтып балаларды шаршатпау, сабақ материалының 
балаларға тым қиын немесе тым жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа 
қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар 
толық түсінген материалды ғана есте саңтауды қажет деп санады. Ол 
балаларды өз бетінше жұмыс істетуге үйретуге» соның ішінде шығарма 
жазуға көп көңіл бөлді. Л. Н. Толйтой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, 
әсіресе көркем әңгіменің болуын талап етті, 
Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н. Толстой балаларды 
байқағыштыңңа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол 
экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен 
картиналарды пайдалануды да қуаттады. 
Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірлерінде бастауыш мектептің 
оқулығының қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен 
оқулықтағы матераилдың қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер 
ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап 
етті. Оқулық балаларға білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге олардың 
тілін дамытады деп есептеп, балаларға арналған кітап тілінің жақсы 
жазылуына ерекше мән берді. 
Осы талаптарға сай жазылған «Азбука» және «Оқу кітаптары» XIX 
ғасырдың II жартысындағы құнды педагогикалық ескерткіш болып саналады. 
Бүлар 30-дан аса рет қайта басылды, миллион дана болып тарап, земство 
бастауыш мектебінің ең жақсы оқулығы аталды. Бұл оқулықтардағы 
материал Ресей өмірінен, әсіресе село өмірінен алынды. Жаратылыс, 
география және тарих материалдары көркем әңгіме ретінде берілді. 
Оқулыққа моральдық тақырыптарға жазылған қысқа әңгімелер де 
енгізілді. Л. Н. Толстой оқулықтарының негізгі қатесі онда діни мазмұнда 
жазылған әңгімелердің орын алуы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет