1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет66/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Тәрбие мәселесі туралы.
А.С.Макаренко өзінің артына өлмейтін бай 
педагогикалық мұра қалдырды, оның жүзге жуық жазылған педагогикалық 
шығармалары бар. 
А.С.Макаренко балалар коллективімен тәрбие жұмысын жүргізудің 
ғылыми негізгі теориясы мен методикасын құрды. Оның педагогикалық 
көзқарастары, тамаша нәтиже берген педагогикалық тәжірибелері ұзақ уақыт 
теориялық жағынан қорытудың негізінде қалыптасты.
Макаренко теориясының негізі маркстік – лениндік ілім болды, ал оның 
методикасы да марксизм – ленинизмнің ғылыми әдістеріне негізделіп 
дамыды. Тәрбие процесінің заңдылықтарын анықтауда Макаренко қоғамдық 
дамудың заңдар жөніндегі жаңа, коммунистік адамгершілік туралы, адамның 
қоғамдық табиғаты жөніндегі марксизм – ленинизм ілімін басшылыққа алып 
отырды. 


116 
16 жыл ішінде үш мыңға жуық жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай 
тәжірибесі Макаренкоға Коммунистік партия мен Совет үкметі құрған тәрбие 
жүйесінің күшті әсерін жоғары бағалауға негіз болды. Біздің елімізде 
адамның жетіліп, қалыптасуына кедергі болатындай ешбір жағдайдың 
болмайтындығын дәлелдеді. Сондықтан да Горький атындағы колониядағы 
өз жұмысының алғашқы күндерінде көпшілшігі бұрын қылмысты болған 
панасыздар тобымен бетпе – бет кездесу кезінде Макаернко табансыздық , 
тұрақсыздық жолына түспеді. Ол балалардың туысынан қылмысты, немесе 
бұзылған мінез – құлықты болып өмірге келмейтінін терең түсіне білді.
Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті 
шарттарының бірі – тәрбиенің міндет-мақсаттарының анық, айқын түрде 
белгіленуі деп есептеген.
А.С.Макаренко біздің тәрбиеміздің міндеттері қоғамдық өмірден, 
коммунистік партияның программасынан және оның социолистік 
құрылыстағы саясатынан туатындығын көрсетті.
“Тәрбие жұмысының мақсаты қайдан тууға тиіс? Әрине, ол біздің 
қоғамдақ қажетімізден , халықтың талабынан, біздің күрестеріміздің мақсаты 
мен міндеттерінен туып отырады”,- деген Макаренко.
Макаренконың ойынша, педагогика бұл мәселені саяси мақсаттарға 
сәйкес, яғни жаңа адам, коммунистік қоғамның адамы қандай 
болатындығына байланысты шешуі тиіс деген. Макаренко тәрбиенің мақсат-
міндетін адамды қалыптастырудың кең программасы ретінде қараған.
Макаренко советтік тәрбие арқылы жаңа адамды, социалистік дәуірдің 
азаматын өсіруді, комммунистік идеяларға берілген адамды қалыптастыруды 
мақсат еткен.
Тәрбиенің алдына макаренко коллектившіл, алғыр және ер адамдарды, 
жан – жақты білім алған және еңбек сүйгіш, халықтың алдындағы өз 
борышын сезіне білетін жастарды тәрбиелеу міндетін ұсынды.
Макаренко тәрбинің мұндай міндет-мақсаттарына жетудің тым қиын 
және күрделі іс екендігін, бірақ біздің советтік шындықтың жағдайында оған 
толық жетуге мүмкіндік барын ескертті. ¤зінің “Мұнара үстіндегі тулар ” 
деген кітабында оптимистік тұрғыдан : “Жаңа адамды тәрбиелеу – бақытты 
іс және оған педагогиканың шамасы да жетеді”,- деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет